Витилиго дертін емдеудің жаңа тәсілдері бар

Malim Админ

  • 26.05.2023

Қазір әлем елдерінде  тері ауруы витилигомен ауыратын науқастар саны артып келеді. Аталмыш дерт түрі адам денесіне, бет пен  теріге аппақ дақ болып түседі.  Бұл созылмалы ауру болмаса да,  аутоиммундық санаттағы   тері ауруы.  Витилиго науқас азаматтың денсаулығын әлсіретіп,  отбасының өміріне кері әсер етеді.  Ол жас талғамайды.  Әдетте 20 жасқа дейін дамып, пайда болады. 

Қазақстандық дерматолог дәрігерлер осы дертті емдеп-жазудың тәсілдерін енгізу бойынша көп жұмыс атқарды. Мысалы, 13 жыл бұрын Шымкент қаласында витилигоны емдейтін  жалғыз-ақ    фототерапиялық құрал болыпты.  Былтырдан бері    еліміздің әр аймағындағы  13 орталықта  «Ауруды емдеудің алтын стандарты»  жүзеге асуда. Фототерапия әдісі 10 облыстық және 3 республикалық орталықта жүргізіліп жатыр. 

Қазіргі таңда  Алматыдағы  «Витилиго және тері денсаулығы орталығында»  хирургиялық отаның 4    түрі қолданылады.   Сегіз жыл бұрын еліміз бойынша  Шымкент қаласында  тұңғыш  рет хирургиялық емдеу тәсілі енгізілгені белгілі.  

 1 жыл  ішінде еліміздегі емханаларға    витилиго дерті бойынша  12 мыңнан астам пациент шағыммен келген. Алайда,  емделушілер мен дәрігерлердің көбі  оны емдеуге болатынынан хабарсыз дейді мамандар.  Ауруды жасырғысы келетіндер    дәрігерге қаралмағандықтан, дерт көбейген.

Денсаулық сақтау министрлігі аурумен күрес шараларын   күшейтуді көздеп отыр. Биылғы 24 маусым күні  Алматыда  тұңғыш рет  XIII Әлемдік Витилиго күні аталып өтілмек. Халықаралық штаб-пәтері болып Алматы шаһары  таңдалып отыр. «Витилиго: Болашаққа бағдар»  атты ауқымды жиынға   әлемнің әр елінен   дәрігерлер, ғалым-зерттеушілер және  пациенттер қатысады. Денсаулық сақтау министрлігі маусым айын ел азаматтарын витилиго жайлы  хабардар ету айы деп жариялап отыр.        

 

 

Байланысты жаналықтар

Назарбаев университетінің мәртебесі өзгертілмейді 

05.12.2023

Смайловтың шүйлігуі әкімдерді шошыта ала ма?

05.12.2023

Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

05.12.2023

Қарағандылық әскери қате салынған екпеден көз жұмды

04.12.2023

Халық билігін күшейту – демократиялық жүйенің алға сүйреушісі

02.12.2023

Түркістан облысында ел президентінің бастамалары нәтиже беріп жатыр

01.12.2023
MalimBlocks
Назарбаев университетінің мәртебесі өзгертілмейді 

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Назарбаев Университетінің мәртебесі өзгермейтінін мәлімдеді. Ол “заңды алып тастап, өзгерте алмаймыз” деп отыр.

Смайловтың шүйлігуі әкімдерді шошыта ала ма?

Бүгін Үкімет отырысында көлікпен жүк тасымалдау саласы бойынша мәселесі қаралды. Осы жиында перемерь-министр Әлихан Смайлов жол бойындағы сервистерді әлі күнге дейін дамыта алмай отырғандарына ашынды.

Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

Мобилизациямен соғысқа жіберілгендердің әйелдері Владимир Путинмен 14 желтоқсанға жоспарланған тікелей байланыс нөмеріне жаппай хабарлама жіберіп, туыстары қашан соғыстан оралатынын сұраған. 

Қарағандылық әскери қате салынған екпеден көз жұмды

Тексеріс барысында жіберілген қателер анықталды

Халық билігін күшейту – демократиялық жүйенің алға сүйреушісі

Түркістан облысында ел президентінің бастамалары нәтиже беріп жатыр

Түркістан облыстық «Farab» ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова соңғы екі жылда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан саяси реформаларға көңілі толатынын айтады: