Жамбыл облысында мектеп оқушылары зорланған. Тергеу басталды

Күдіктінің жергілікті мешіттердің бірінде имамның көмекшісі болғаны айтылды.

Malim Админ

  • 13.05.2022

Жамбыл облысында 3-сынып оқушыларын зорлау оқиғасы тергеуге алынды.  КТК телеарнасының мәліметінше, азғындық әрекетті Шу ауданының 30 жастағы тұрғыны жасаған. Ол тоғыз жастағы екі жеткіншекті ұзақ уақыттан бері зорлап келген. Үшінші сынып оқушыларына әлімжеттік жасады деген күдікті ұсталып, қамауға алынды.

Тергеу барысында анықталғандай, оқиға наурызда қараусыз қалған ғимаратта болған. Бұл жөнінде зардап шеккендердің бірінің анасы мәлім еткен. Оның тоғыз жастағы ұлы ауруханаға түскен, сол кезде дәрігерлер бала ауыр жарақат алғанын анықтапты.

Шу ауданының тұрғындары күдікті деп танылған ер адам жергілікті мешіттердің бірінде имамның көмекшісі болғанын айтып отыр. Бірақ бас имам бұл деректі жоққа шығарып, қоластында ондай қызметкер мүлдем болмағанын жеткізді. Оның балаларды ата-анаңа күш көрсетемін деп қорқытқаны мәлім болды.

Азғындық іске қатысты делінген азамат бұған дейін де мектеп оқушыларына қысым көрсеткен деген болжам бар. Полиция әзірге өзге мәліметтерді жарияға шығарған жоқ.

Жамбыл облысы ПД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова «Полиция қызметкерлерімен жедел іздестіру шараларын жүргізгенде Шу ауданының 30 жастағы тұрғыны ұсталды. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 12-бабының 4-бөлігімен соталды тергеп-тексеру басталды. Күдіктіге қатысты Шу ауданының соты қамауға алу бұлтартпау шарасын бекітті. Барлық сараптама тағайындалды", - дейді.  

Байланысты жаналықтар

Режиссер Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізілмейді - Антикор

18.05.2025

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

13.05.2025

Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған 6 жастағы баланың мәйіті табылды

11.05.2025

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

10.05.2025

Алматы тауларында студент қыз көз жұмды

08.05.2025

Ерлан Қожағапановтың ісі бойынша сот тергеуі қайта басталды

02.05.2025
MalimBlocks
Режиссер Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізілмейді - Антикор

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған 6 жастағы баланың мәйіті табылды

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

Клиентке биометриялық сəйкестендіру жəне ЭЦҚ құралдары бір мезгілде қолданылған кезде ғана шарт жасасуға рұқсат етіледі

Алматы тауларында студент қыз көз жұмды

Қазір полиция тергеу жүргізіп жатыр

Ерлан Қожағапановтың ісі бойынша сот тергеуі қайта басталды