Жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер институты енгізілмек

Malim Админ

  • 06.02.2020

Қазақстан Ресбуликасы Парламент Мәжілісінде жемқорлыққа қарсы жаңа заң жобасы талқыланды. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын халық қалаулыларына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов таныстырды.

Жаңа заң жобасы бойынша квазимемлекеттік секторда жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа институты құрылады. Онда азаматтар, заңды, жеке тұлғалар мемлекеттік лауазымды тұлғаларға құнды сыйлықтарды сыйға тартуға заң жүзінде тыйым салынады. Сыйлықтың белгілі, шектен аспайтын мөлшері болады.

«Заң жобасы сыбайлас жемқорлық көріністерін жүйелі түрде алдын алу бойынша қосымша шаралар енгізуге бағытталған. Заң жобасында түзетулердің үш блогы қарастырылған. Түзетулердің бірінші блогы сыбайлас жемқорлық көріністерін жүйелі түрде алдын алу бойынша қосымша шараларды енгізуге көздейді. Атап айтқанда, Азаматтық кодексте сыйға тартушының пайдасына іс-әрекеттер үшін өзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдайтын мемлекеттік қызметшілерге және өзге де тұлғаларға кез келген құнды сыйлықтарды сыйға тартуға тыйым салынады. «Сыйға тарту» атты 509-баптың қолданыстағы редакциясына сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге құны 10 айлық есептік көрсеткішке (26 510 теңгеге) дейін сыйлықтар беруге болады. Осыған орайда Конституциялық Кеңес 2018 жылғы 5 маусымдағы жолдауында осы бапты қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру қажеттігін тікелей көрсетті. Екіншіден, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдайтын тұлғалардың отбасы мүшелерінің материалдық сыйақы, сыйлықтар немесе көрсетілетін қызметтерді қабылдауына тыйым салынады», - деді Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов.

Қылмыстық кодекске сәйкес келмегендіктен 509-бапты алып тастау ұсынысы енгізілетіні белгілі болды.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасарыныңсөзінше мемлекеттік лауазымға, мемлекеттік немесе оларға теңестірілген міндеттерді атқаруға байланысты лауазымға кандидат саналатын адамдар үшін ұйымның басшылығын осы ұйымда жұмыс істейтін туыстары туралы жазбаша нысанда хабардар ету міндеттемесі енгізіледі. Бұл шынымен қажет. Өйткені бір мекемеде туыс адамдар істесе, өзара сыбайласып, әрекет етулері әбден мүмкін. Бірақ бұл ондай жағдай болмағанда жемқорлық мүлде болмайды деген сөз емес. Тек ықтималдығы төмендейді.

«Мемлекет басшысы қатысқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі 2019 жылғы 20 мамырдағы кеңесте айтылған және бірлесіп мақұлданған жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұсыныстарды іске асыру мақсатында, квазимемлекеттік сектор ұйымдарында парасаттылықтың корпоративтік стандарттарын сақтауға жауапты сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер институты енгізілуде», - дегенҚазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары.

Түзетулердің екінші блогы олқылықтар мен қайшылықтарды жоюға бағытталған. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің бірқатар баптарында материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңілдіктер мен қызметтер көрсетуге және қабылдауға тыйым салынған тұлғалардың тізбесі лауазымды тұлғалар мен жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын тұлғалармен толықтырылып жатыр. Әйтпесе параны сыйлық ретінде бердім деп жазадан құтылулары да әбден мүмкін.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпараты бар адамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органды ғана емес, сондай-ақ өз құзіреті шегінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды, тергеуді және алдын алуды жүзеге асыратын басқа да мемлекеттік органдарды (прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдары, әскери полиция, Экономикалық тергеу қызметі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі) хабардар ете алатындығы көзделіп отыр.

Бұл бірін-бірі ұстап беру емес, бір-бірінен заңды талап ету деп түсінуіміз қажет. Қазақстанның әр азаматы мемлекеттік заңды құрметтеу тиіс. Сонымен қатар замандастарыман заңды талап ете білулері де қажет. Бұл еліміздегі заң үстемдігіне әр азаматтың тигізген пайдалары болмақ.

Байланысты жаналықтар

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

18.01.2025

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

30.12.2024

Белгілі сыншы отандық БАҚ-ты сынға алды

18.12.2024

Серікбай Қосан: Ғалымдардың көбі ерте қайтыс болып кетті...

03.12.2024

Қазақтар ғана бір-бірінің үстінен арыз жазды деу қате пікір

13.11.2024
MalimBlocks
Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

Қасымда жүргендер үсітменен арыз жазды.

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

Оқиғалар көз алдымнан кинолента сияқты өтіп жатады. Сондай кезде жұмыс өнімді жүреді. Ондай кезде жайлы жер талғамаймын, ұшақта отырып та жаза беремін.

Белгілі сыншы отандық БАҚ-ты сынға алды

Серікбай Қосан: Ғалымдардың көбі ерте қайтыс болып кетті...

Марқұм ұстазымыз Үшкілтай апай, Қабиболла ағай, менің достарым Тоқтар Әлібек, Қарашаш Алпысбаева, Бақыт Әбжет – бұлардың бәрі қолжазбаның зияны тиген адамдар.

Қазақтар ғана бір-бірінің үстінен арыз жазды деу қате пікір

1922 жылға дейін Әлихан тек қазақ және орыс тілін білген. Ол кезде оның жасы 50-ден асқан еді. Логикаға салсақ, осыдан кейін 9 тіл біліп кетуі де екіталай ғой.