Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шомылу маусымы: 9 күн болмай жатып 5 адам суға кеткен

Оқиға
Шомылу маусымы: 9 күн болмай жатып 5 адам суға кеткен

Елде шомылу маусымы басталғаннан бері 5 адам суға кеткен. Оның біреуі жасөспірім. Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің басқарма бастығы Талғат Жамбауов осындай дерек келтірді.

Шомылу маусымы басталған 1 маусымнан бері 5 адам тыйым салынған жерде суға батып кетті. Жалпы суға батудың 95 пайызы тыйым салынған жерде тіркеледі. Аталған 5 адамның біреуі 15 жастағы жасөспірім. Ол оқиға Астана қаласында тіркелді. Бұл 1 маусымнан бергі статистика. Ал жыл басынан бері 19 адам суға кеткен. Оның жетеуі бала, — деді ол баспасөз мәслихатында.

Айтуынша, шомылуға рұқсат етілмеген жерге шомылған азамат та, шомылу ұйымдастырған адамдар да жауапкершілікке тартылады.

Рұқсат етілмеген жерде шомылған азаматтарға Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 412-бабы бойынша 7 айлық есептік көрсеткіш (27 524теңге — ред) мөлшерінде айыппұл салынады. Ал жабдықталмаған орында шомылу ұйымдастырған су айдынының иесінің үстінен қылмыстық іс қозғалады. Оның жазасын Ішкі істер министрлігі саралайды, - деді Талғат Жамбауов.

Бұған дейін Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаменті де Ақкөл ауылында жасөспірімнің суға кеткенін хабарлаған болатын. 

Фото: Pexels

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу