457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

11 жастағы спортшы қатерлі ісікті жеңіп, жүзуден чемпион болды

Қарағандылық 11 жастағы Захар Непогодин, Даун синдромымен дүниеге келген және онкологиялық дертті еңсерген бала, Ыстанбұлда өткен халықаралық жүзу жарысында үш алтын медаль алды.

Захар Астанадағы Ана мен бала орталығында емделіп шыққан соң спортқа бет бұрды. Бірнеше жыл бұрын елордада өткен қатерлі ісік дертін жеңген балалар арасындағы тұңғыш республикалық чемпионатта алғаш рет суға түсіп, үшінші орын алған еді.

Содан бері ол жаттықтырушысы Елена Райнгардт пен анасы Галинаның қолдауымен жүйелі түрде жүзумен айналысып, түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысып жүр.

Бар-жоғы екі жыл ішінде Захар ондаған марапатқа ие болды. 2025 жылы ол Қазақстан намысын Түркияда қорғап, үш алтын медаль жеңіп алды.

– Республикалық жарыстар біз үшін шешуші сәт болды. Ол кезде Захар алғаш рет суға түсіп, біз спорттың өміріне үлкен серпін бере алатынын түсіндік. Қазір біз үшін үлкен қуаныш, ұлымды мақтан тұтамын. Баласында қатерлі ісік анықталған ата-аналарға айтарым – ешқашан мойымаңыздар, бәрі бір сәтте өзгеруі мүмкін. Ал спорт – кез келген кедергіні жеңуге көмектеседі, – деді оның анасы Галина.

Фото: feniks_fond / instagram