ӘЧ: Қазақстан құрамасының іріктеудегі қарсыластары анықталды

Арман Қайыпхан

  • 13.12.2024

Швейцарияның Ньон қаласында футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстан құрамасының іріктеудегі қарсыластары белгілі болды.

Жеребе бойынша Қазақстан ұлттық құрамасы "J" тобына түсті. Отандастарымыз Бельгия, Уэльс, Солтүстік Македония және Лихтенштейн құрамаларына қарсы ойнайтын болады. 

Барлық құрама 12 топқа (4-5 құрамадан) бөлінді. Төрт командадан тұратын алғашқы алты топ (A-F) іріктеу турнирін 2025 жылдың қыркүйегінде бастаса, қалған 5 командадан тұратын 6 топ (G-L) 2025 жылдың наурызында бастайды.

Топ жеңімпазы Әлем чемпионатына тікелей жолдама алса, екінші орын иегері өтпелі матч ойнайды.

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексика елдерінде (алғаш рет 3 елде) өтеді. 1 маусым мен 19 шілде аралығында болатын доп додасына алғаш рет 48 құрама қатысады.

Ойындар кестесі:

A-F топтары үшін (4 команда):

Жол. матч. 21-22/03/2025

Жол. матч. 24-25/03/2025

Жол. матч. 06-07/06/2025

Жол. матч. 09-10/06/2025

1-тур. 04-06/09/2025

2-тур. 07-09/09/2025

3-тур. 09-11/10/2025

4-тур. 12-14/10/2025

5-тур. 13-15/11/2025

6-тур. 16-18/11/2025

G-L топтары үшін (5 команда):

1-тур. 21-22/03/2025

2-тур. 24-25/03/2025

Жол. матч. 06-07/06/2025

Жол. матч. 09-10/06/2025

3-тур. 04-06/09/2025

4-тур. 07-09/09/2025

5-тур. 09-11/10/2025

6-тур. 12-14/10/2025

7-тур. 13-15/11/2025

8-тур. 16-18/11/2025

Өтпелі матч (плей-офф):

Жартылай финал. 26/03/2026

Финал. 31/03/2026

Фото: ҚФФ

Байланысты жаналықтар

Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

17.05.2025

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

15.05.2025

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

14.05.2025

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

13.05.2025

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

12.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

Бұдан бөлек, жоба жасанды интеллектті пайдаланудың кейбір түріне де тыйым салады

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды