457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Азия чемпионаты: Қазақстан ауыр атлеті үш алтын медаль жеңіп алды

Ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан тағы үш алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Malim.kz.
88 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Ерасыл Саулебеков Қазақстан құрамасына үш алтын медаль алып келді.
19 жастағы спортшы жұлқа көтеруде – 153 кг, серпе көтеруде – 191 кг көтерді.
Қоссайыс нәтижесі – 344 кг, бұл көрсеткіш оған барлық жаттығу түрінде жеңіс әкелді.

Сондай-ақ турнир аясында 69 келіге дейінгі салмақта жасөспірім қыздар арасында сайыс өтті. Онда Қазақстан құрамасы екі бірдей медальға ие болды.
Қоссайыс нәтижесі бойынша 198 (87+111) келіні бағындырған Кира Данилова алтын медаль жеңіп алды. Софья Шальгина 175 (82+93) келі көтеріп, үшінші орынға табан тіреді.

Фото: ҰОК