Азия ойындарында Қазақстан қоржынына екі күміс медаль түсті

Қытайдың Харбин қаласында жалауын көтерген қысқы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті. Бұл жолы шорт-тректен аралас эстафетада отндық команда күміс жүлдеге қол жеткізді. Бұл туралы 1bol сайты жазды.
Малика Ермек, Яна Хан, Денис Никиша және Әділ Галиахметовтен құралған команда 2000 метрге конькимен жүгіруде тек Оңтүстік Корея өкілдеріне ғана жол берді. Ал, үздік үштікті Жапония конькишілері түйіндеді.
Сонымен қатар, жекелей сында конькиші Евгений Кошкин де күміс жүлдегер атанып отыр. 100 метрге сырғанаудан отандасымыз тек қытайлық Гао Тиньююға ғана жол берді.
Айта кету керек, Азия ойындарының ашылу салтанаты 7 ақпанда өтті. Содан бері бұл ойнатылған алғашқы медальдар жиынтығы.
Фото: Olympic.kz