Шаңғыдан әйелдер құрамасы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Ұлттық құрама мәреге Қытайдан кейін келді

Сабина Асқарқызы

  • 12.02.2025

Бүгін IX қысқы Азия ойындарында шаңғы жарысынан әйелдер командасы арасындағы эстафета өтті, деп хабарлайды Malim.kz.
Бұл сында (4×5 км) Ұлттық құрама мәреге Қытайдан кейін келді. Үздік үштікті Жапония шаңғышылары түйіндеді.
Жарыс жолына Камила Елғазинова, Ксения Шалыгина (классикалық әдіс), Ангелина Шурыга мен Надежда Степашкина (еркін әдіс) шықты.
Мұнда барлығы 6 елдің құрамасы жүлдеге таласты. Енді Астана уақытымен сағат 10:00-де ерлер арасындағы (4×7.5 км) эстафета басталады.
Айта кетейік, бұл шаңғы жарысынан Харбин-2025 бәсекесінде Қазақстан қоржынына түскен 3-жүлде. Осыған дейін жекелей сында Константин Борцов күміс, Олжас Климин қола олжалаған.

Фото: Турар Казангапов

Байланысты жаналықтар

Тек әйелдерден құралған экипаж ғарышқа ұшып-келді

15.04.2025

Бала кезден шаңғы тепкен: Шымбұлақта қаза тапқан әйел туралы тың дерек пайда болды

18.03.2025

Түрмедегі 1 мыңнан астам әйел рақымшылыққа ілінуі мүмкін

17.02.2025

Азия ойындары: 12 ақпандағы жарыс нәтижелері

12.02.2025

Қытай құрамасындағы қазақ қызы Азиада алтынын жеңіп алды

11.02.2025

Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы ширек финалға шықты

10.02.2025
MalimBlocks
Тек әйелдерден құралған экипаж ғарышқа ұшып-келді

Бала кезден шаңғы тепкен: Шымбұлақта қаза тапқан әйел туралы тың дерек пайда болды

17 наурызда қар көшкіні салдарынан 35 жастағы шаңғышы қаза тапты

Түрмедегі 1 мыңнан астам әйел рақымшылыққа ілінуі мүмкін

6 399 әйел жазасын өтеп жатыр

Азия ойындары: 12 ақпандағы жарыс нәтижелері

Қытай құрамасындағы қазақ қызы Азиада алтынын жеңіп алды

Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы ширек финалға шықты

Бұл жолы Олег Болякин шәкірттері Оңтүстік Корея командасынан басым түсті