Түрмедегі 1 мыңнан астам әйел рақымшылыққа ілінуі мүмкін

6 399 әйел жазасын өтеп жатыр

Malim Админ

  • 17.02.2025

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Мәжіліс депутаттарының түрмеде отырған әйелдердің бір бөлігіне рақымшылық шарасын қолдану туралы сауалына жауап берді,-деп хабарлайды Malim.kz.   

Қазір 6 399 әйел қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін жазасын өтеп жатыр. Оның 2 692-сі бас бостандығынан айыру орындарында ұсталса, 3 707-сі пробациялық бақылауда. Қылмыстық кодекстің 78-бабына сәйкес, ауырлығы аз және орташа қылмыстары үшін сотталған 1 220 әйел жазасын өтеуден босатылуы мүмкін. Сонымен қатар, зорлық-зомбылыққа байланысты емес қылмыстар жасағаны үшін 2 002 әйел сотталды, олардың 1 766-сы алғаш рет, ал 150-і ауырлығы шағын және орташа қылмыстар жасаған. Өз кезегінде ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған 5 055 әйелге жаза мерзімі қысқартылуы мүмкін, — деп жазылған жауапта.

Министрлік жауабында рақымшылықты қарау кезінде жасалған қылмыстың ауырлығымен қатар, сотталғандардың әлеуметтік жағдайын қосымша ескеру қажеттігі айтылған. 

Ресми дерек бойынша, сотталғандардың ішінде 29 әйелдің мүгедектігі бар (I топ — 3, II топ-3, III топ — 15), 60 жастан асқан 243 әйел (ТМ-152, ПҚ-91), 13 жүкті әйел, 58 кішкентай балалары бар (3 жасқа дейін) және 226 көпбалалы ана бар.

Бас бостандығынан айыруды жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру жолымен (3 910) өтелмеген талап-арыздары бар әйелдер үшін жазаны жеңілдетуді көздеу қажет. Алайда, Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабының талаптарын ескеру қажет, оған сәйкес заң мен сот алдында барлығы тең. Ешкімді жынысына байланысты кемсітуге болмайды. Әлеуметтік осал адамдар санатына жататын сотталған ерлер саны — 920 адам (I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ҰОС қатысушылары, зейнеткерлер, толық емес отбасылар). Сонымен қатар, бірінші рет сотталғандарды және зорлық-зомбылықсыз қылмыстар жасағандарды босату мәселесі жәбірленушілердің құқықтарын қорғауды ескере отырып, одан әрі талдауды қажет етеді. Осылайша, екі мыңнан астам сотталғанды босату бюджетті күніне 5,8 млн теңгеге дейін үнемдеуге мүмкіндік беруі ықтимал (1 сотталғанға жалпы шығындар күніне — 2 900 теңге, тиісінше жылына — 2,1 млрд теңге), — делінген жауапта.

Фото: СҚО ПД 

Байланысты жаналықтар

Тек әйелдерден құралған экипаж ғарышқа ұшып-келді

15.04.2025

Адам ағзасын заңсыз сатып алды айыпталған дәрігер түрмеде адам өмірін сақтап қалды

12.04.2025

Алматы облысында қамауда отырған жігіттер аштыққа шыдамай өздерін тілгілеп тастады

07.04.2025

Жамбыл облысында бұрынғы полицейді өлтірді деген күдікті қамалды

06.04.2025

Блогер бірнеше қызды зорлады деген күдікпен ұсталды

06.04.2025

47 жыл өлім жазасын күткен ер адам қомақты өтемақы алатын болды

25.03.2025
MalimBlocks
Тек әйелдерден құралған экипаж ғарышқа ұшып-келді

Адам ағзасын заңсыз сатып алды айыпталған дәрігер түрмеде адам өмірін сақтап қалды

Трансплантациямен заңсыз айналысты деп айыпталған қазақстандық хирург түрмеде адам өмірін сақтап қалған

Алматы облысында қамауда отырған жігіттер аштыққа шыдамай өздерін тілгілеп тастады

Жамбыл облысында бұрынғы полицейді өлтірді деген күдікті қамалды

Қазір ол уақытша ұстау изоляторында

Блогер бірнеше қызды зорлады деген күдікпен ұсталды

Қостанайлық ер адам қарызға ақша беріп, оны қайтара алмағандарға интимдік қарым-қатынас ұсынған

47 жыл өлім жазасын күткен ер адам қомақты өтемақы алатын болды

Жапонияда өлім жазасын 47 жыл күткен Ивао Хакамада есімді азамат кінәсіз деп танылды. Нәтижесінде үкімет оған 217 миллион иен шамамен 1,44 миллион доллар (500 миллион теңгеден аса) өтемақы тағайындады