Тек әйелдерден құралған экипаж ғарышқа ұшып-келді

Арман Қайыпхан

  • 15.04.2025

АҚШ миллиардері Джефф Безос өзінің қалыңдығы мен әнші Кэти Перри бастаған барлық мүшесі әйелдерден тұратын экипажды ғарышқа жіберді, деп хабарлайды Malim.kz.

Blue Origin компаниясының New Shepard атты көп рет қолданылатын зымыран жүйесі коммерциялық суборбиталық ұшуды сәтті жүзеге асырды.

Экипаж құрамында 6 әйел болды:

  1. әнші Кэти Перри,
  2. Джефф Безостың қалыңдығы Лорен Санчес,
  3. CBS телеарнасының жүргізушісі Гейл Кинг,
  4. аэроғарыш инженері әрі кәсіпкер Айше Боу,
  5. биоастронавтика инженері Аманда Нгуен,
  6. кинопродюсер және режиссер Кериэнн Флинн.

Ұшу Техас штатындағы ұшыру алаңынан жүзеге асты. Толықтай автоматтандырылған режимде өткен ұшу шамамен 11 минутқа созылды. Капсула ғарыш пен атмосфера арасындағы шартты шекара — Карман сызығын кесіп өтіп, парашюттер мен тежеуіш қозғалтқыштарының көмегімен Жерге аман-есен қонды.

NBC News-ке берген сұхбатында Кэти Перри бұл ұшуды өзінің төрт жасар қызына арнағанын айтып:

"Қиялға шекара қоймауды үйреткім келді", – деді.

Айта кетейік, тек әйелдерден құралған экипаж алғаш рет ғарышқа 1963 жылы ұшқан болатын. Ол кезде КСРО-ның тұңғыш әйел-ғарышкері Валентина Терешкова тарихи миссияны орындаған еді.

Фото: x.com/davill

Байланысты жаналықтар

Германияның жаңа билігі Украинаға TAURUS зымырандарын беруді қолдап отыр

14.04.2025

Түрмедегі 1 мыңнан астам әйел рақымшылыққа ілінуі мүмкін

17.02.2025

Шаңғыдан әйелдер құрамасы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

12.02.2025

Қазір барлығын әйелдер шешеді – Бағлан Әбдірайымов

06.12.2024

Путин Украинаны тағы да "Орешник" зымыранымен атқылайтынын мәлімдеді

28.11.2024

Ресей территориясын атқылауға енді Франция зымырандары да қолданылуы мүмкін

24.11.2024
MalimBlocks
Германияның жаңа билігі Украинаға TAURUS зымырандарын беруді қолдап отыр

Түрмедегі 1 мыңнан астам әйел рақымшылыққа ілінуі мүмкін

6 399 әйел жазасын өтеп жатыр

Шаңғыдан әйелдер құрамасы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Ұлттық құрама мәреге Қытайдан кейін келді

Қазір барлығын әйелдер шешеді – Бағлан Әбдірайымов

Әншінің айтуынша, ер азаматтар әйелдерінің шешіміне бағынады

Путин Украинаны тағы да "Орешник" зымыранымен атқылайтынын мәлімдеді

Ресей территориясын атқылауға енді Франция зымырандары да қолданылуы мүмкін

Оны елдің Сыртқы істер министрі мәлімдеді