Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Біләл Мұхаммед Шавхат Равхмоновпен төбелесуден бас тартты

Спорт
Біләл Мұхаммед Шавхат Равхмоновпен төбелесуден бас тартты

Шыққан тегі палестиналық америкалық Біләл Мұхаммедке (24-3) UFC 307 турнирінде қазақстандық Шавкат Рахмоновқа (18-0) қарсы жекпе-жек ұсынылған. Бірақ, Vesti.kz жазуынша, жартылай орта салмақтағы чемпион бұл жекпе-жектен бас тартқан, деп хабарлайды Malim.kz.

Маған Біләлмен жекпе-жек ұсынылды, мен оны қабылдадым. Бірақ, Біләл бас тартты. Ол бұл күні титулды қорғауға дайын емес екенін айтты. Әрі қарай не болатынын көрейік, дайындалсын, мен онымен шығуға дайынмын, Біләл чемпион болмай тұрған шағында белсенді боламын және титулды басқаларға қарағанда жиі қорғаймын деп уәде берді. Әзірге ол өз сөзінде тұрмады, деді Шавхат MMAFighting-ке берген сұхбатында.

Айта кетейік, UFC 307 турнирі 5 қазанда Солт-Лейк-Ситиде (Юта, АҚШ) өтеді. Оның басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы чемпион бразилиялық Алекс Перейра (11-2) америкалық Халил Раунтриге (14-5) қарсы шығады.

Фото: instagram/shavkatrakhmonov94

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу