Боксшы Абылайхан Жүсіпов халықаралық турнирдің чемпионы атанды

Нидерландта бокстан өтіп жатқан халықаралық турнирде Қазақстан қоржынына тағы бір алтын медаль түсті. Бұл жолы Абылайхан Жүсіпов чемпион атанды, деп хабарлайды Malim.kz.
Көпшілік 70 келідегі қазақстандық Абылайхан Жүсіпов пен өзбекстандық Асадхужа Муйдинхужаев кездесуін тағатсыздана күткен еді. Себебі Муйдинхужаев Париждегі Олимпиада ойындарында топ жарған, әрі әлем чемпионы атағы тағы бар.
Алайда кездесу 1-раундтан кейін аяқталды. Жекпе-жек барысында өзбек боксшысының қабағы жарылып кетіп, ол кездесуді жалғастыра алған жоқ. Осы оқиғаға дейін ұпай санымен Жүсіпов жеңіп тұрғандықтан, жеңіс соған берілді.
Айта кетейік, Абылайхан Жүсіпов аталған турнир барысында Армения, Германия және Бельгия боксшыларын жеңіп, финалға шыққан болатын.
Фото: ҚФБ

Ең көп оқылған
