Бокстан 2027 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді

Халықаралық федерация шешімін ресми түрде жариялады

Мәди Саматұлы

  • 14.12.2024

World Boxing халықаралық федерациясы 2027 жылы Астанада бокстан әлем чемпионатын өткізу туралы ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ұлттық Олимпиада комитетінің мәлімдеуінше, бұл әлемдік біріншілік халықаралық жарыс күнтізбесіндегі маңызды оқиға болмақ, себебі турнир 2028 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін жазғы Олимпиада ойындары қарсаңында ұйымдастырылады.

Чемпионаттың өткізілу мерзімі мен ұйымдастыру жұмыстары туралы қосымша ақпарат кейінірек хабарланады.

Айта кетейік, Қазақстан тарихта екінші рет бокстан әлем чемпионатын қабылдайды. Бұған дейін 2013 жылы Алматыда ерлер арасында әлем чемпионаты өткен еді.

Фото: ҚБФ

Байланысты жаналықтар

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

15.05.2025

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

14.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

13.05.2025

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңістен бастады

10.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025
MalimBlocks