Бокстан Азия чемпионаты басталмай жатып Қазақстан 6 медальға қол жеткізді

Арман Қайыпхан

  • 29.11.2024

Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер мен әйелдер арасында Азия чемпионатының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Malim.kz ақпарат порталы.

Ерлер арасында қазақстандық боксшылардың қарсыластары анықталды.

48 кг: Санжар Тәшкенбай — Мехрон Шафиев (Тәжікстан)/Анваржан Ходжиев (Қырғызстан);

51 кг: Сәкен Бибосынов — Асилбек Джалилов (Өзбекстан)/Даваадорж Лхагвадорж (Моңғолия);

54 кг: Махмұд Сабырхан — Ян-Лин Лай (Қытайлық Тайбэй);

57 кг: Оразбек Асылқұлов — Мохамад Зулхайлане (Малайзия);

60 кг: Бейбарыс Жексен — Дильшод Абдумуродов (Өзбекстан);

63,5 кг: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы — Сомчай Вонгсуван (Таиланд); 

67 кг: Дулат Бекбауов — Цюань Ван Цзя Цзюнь (Қытайлық Тайбэй);

71 кг: Абылайхан Жүсіпов — Лин Ча Син (Қытайлық Тайбэй)/Байрамдурды Нурмухаммедов (Түрікменстан);

75 кг: Диас Молжігітов — Дайго Сунага (Жапония);

80 кг: Ерасыл Жақпеков — Сағын Сатыбалды уулу (Қырғызстан);

86 кг: Бекзат Нұрдәулетов — Даниил Жасан (Украина);

92 кг: Сағындық Тоғамбай — Мадияр Саидрахимов (Өзбекстан);

+92 кг: Айбек Оралбай — Жахонгир Зокиров (Өзбекстан).

Әйелдер:

48 кг: Әйгерім Сәттібаева — Офелия Магно (Филиппины);

50 кг: Алуа Балқыбекова — Раксат Чутхамат (Таиланд);

52 кг: Жазира Орақбаева — Луо Ю-Тин (Қытайлық Тайбэй);

54 кг: Сымбат Әлиасқар — Сю Вэньцань (Қытай);

57 кг: Ұлжан Сәрсенбек — Карина Вовк (Украина);

60 кг: Виктория Графеева — Е Чен Сюань (Қытайлық Тайбэй);

63 кг: Аида Әбікеева — Дильфуза Бекова (Өзбекстан);

66 кг: Милана Сафронова — Ли Мин (Қытайлық Тайбэй);

70 кг: Наталья Богданова — Анастасия Черноколенко (Украина);

75 кг: Диана Мағауияева — Лу Дьем Кьюн (Вьетнам)/Ван Юань (Қытай);

81 кг: Гүлсая Ержан — Сохиба Рузметова (Өзбекстан);

+81 кг: Елдана Талипова — Олтиной Сотимбоева (Өзбекстан)/Мария Ловчинская (Украина).

Жарыс басталмай тұрып Қазақстан құрамасы кемі 5 медальға ие болды. Атап айтқанда, Бекзад Нұрдәулетов пен Айбек Оралбай, сондай-ақ Наталья Богданова, Диана Мағауияева және Гүлсая Ержан жекпе-жектерін жартылай финалдан бастайды. Олар кемінде қола медаль алады. Ал Елдана Талипова жекпе-жек өткізбей-ақ финалға шықты, ол кемінде күміс еншілейді. 

Қазақстандық боксшылардың өзбекстандықтармен рингке шығатыны жанкүйерлердің айрықша қызығушылығын туғызып отыр. Соның ішінде аса ауыр салмақта құрама капитаны А.Оралбай екі дүркін Олимпиада чемпионы Баходир Жалоловтың ізін басады делінген Ж.Зокировпен жұдырықтасады. Ал С.Тоғамбай Өзбекстан құрамасындағы қандасымыз, 2021 жылғы әлем біріншілігінің қола жүлдегері М.Саидрахимовқа қарсылас атанды.

Фото: ҰОК

Байланысты жаналықтар

Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

15.04.2025

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

14.04.2025

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

13.04.2025

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

13.04.2025

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

12.04.2025

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды

12.04.2025
MalimBlocks
Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду жылына кем дегенде 350 миллион еуро табыс табады

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды