457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» өз алаңында «Пафоспен» тең түсті

Ойынның төртінші минутында қарсылас ойыншысы Жоау Коррея дөрекі қимылы үшін алаңнан қуылып, «Пафос» он ойыншымен қалды.

UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі үшінші турда «Қайрат» Кипрдің «Пафос» клубымен 0:0 есебімен тең ойнады, деп хабарлайды malim.kz

Ойынның төртінші минутында қарсылас ойыншысы Жоау Коррея дөрекі қимылы үшін алаңнан қуылып, «Пафос» он ойыншымен қалды. Дегенмен кипрлік команда қорғаныста мықты ойнап, алматылықтардың бірнеше шабуылына төтеп берді.

«Қайрат» бірінші және екінші таймда да есеп ашуға тырысқанымен, шабуылдар сәтсіз аяқталды. Қақпашы Темірлан Анарбеков бірнеше қауіпті соққыны қайтарып, командасын голдан сақтап қалды.

Матчтан кейін бас бапкер Рафаэль Уразбахтин жанкүйерлерге алғыс айтып, басымдықты пайдалана алмағандарына өкініш білдірді.

Біз кішігірім қадамдармен алға жылжимыз. Мұндай ойындар тәжірибе жинауға мүмкіндік береді, - деді ол.

Енді алматылық команда келесі кездесуін 5 қараша күні сырт алаңда Италияның «Интер» клубына қарсы өткізеді.

Фото: Ашық дереккөзден