Чемпиондар лигасының биылғы финалында ПСЖ мен Интер кездеседі

31 мамырдан 1 маусымға қараған түні УЕФА Чемпиондар лигасы 2024/25 маусымының финалдық ойыны өтеді, деп хабарлайды Malim.kz.
Чемпиондар лигасының финалын тікелей эфирде "Qazsport" және "Qazaqstan" ұлттық арнасы көрсетеді.
Финалда кімдер ойнайды?
Чемпиондар лигасының трофейі үшін париждік "ПСЖ" мен миландық "Интер" алаңға шығады. Бұл командалар басты еурокубоктың финалында алғаш рет кездескелі отыр.
Италиялық "Интер" бұл турнирде бұған дейін үш рет жеңіске жеткен — 1964, 1965 және 2010 жылдары. Сонымен қатар, үш рет финалда жеңіліс тапқан, соның бірі — 2023 жылы.
Ал "ПСЖ" Чемпиондар лигасының финалына тек бір рет жеткен. 2020 жылы француздар шешуші матчта Германияның "Бавариясынан" жеңіліп қалған еді.
Фото: Claudio Lavenia - UEFA via Getty Images

Самое читаемое
