Данияр Елеусінов кәсіпқой рингке оралды

Ол Алматыда жекпе-жек өткізеді

Арман Қайыпхан

  • 15.08.2024

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов шаршы алаңға қайта оралатын болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Рио Олимпиадасының чемпионы 28 қыркүйек күні Алматыда өтетін бокс кешінде өнер көрсетпек. Ал аталған кешті оның менеджері Зия Алиев ұйымдастырғалы отыр.

Белгілі боксшының өткен жылы өзінің менеджерімен арада болған дауы сотқа дейін жетіп, Алиев одан келісімді ерте бұзуға талаптанғаны үшін жарты миллион доллар талап еткен болатын. Бірақ биылғы қаңтар айында соттағы дау бейбіт түрде аяқталып, қос тарап жұмыстарын бірге жалғастыратын болып шешкен еді.

Данияр Елеусінов кәсіпқой боксқа бет бұрғалы бері 11 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. 2023 жылдың желтоқсан айында ол Астанада ІВА ұйымдастырған "Чемпиондар түнінде" сынға түсіп, оңтүстікафрикалық боксшыны ұтты. Алайда бұл нәтиже оның жеке есебіне енген жоқ.

Алматыдағы бокс кешінде Елеусіновпен бірге Жанқош Тұраров та сынға түседі. Әзірге боксшылардың қарсыластары туралы мәлімет айтылмады.

Фото: instagram.com/yeleussinovdaniyar

Байланысты жаналықтар

Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

15.04.2025

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

14.04.2025

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

13.04.2025

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

13.04.2025

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

12.04.2025

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды

12.04.2025
MalimBlocks
Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду жылына кем дегенде 350 миллион еуро табыс табады

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды