457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ескек есу бойынша Қазақстан финалға шықты

Токио олимпиада ойындарында Қазақстан ескершілері финалға өтті.

Байдарка және каноэ бойынша ескек есу жарысының ¼ финалында ағайынды Сергей және Тимофей Емельяновтар финалдық кезеңге өтті.

«Токиода ерлер мен әйелдер арасында байдарка және каноэ бойынша есу жарысы жалғасуда. Турнир аясында 1 мың метрге байдаркада ескек есу бойынша ерлер арасында ¼ финалдық ойындары аяқталды. Екінші ¼ ойындары бойынша Қазақстан 3-55.157 көрсеткішімен төртінші орын алды», - делінген Қазақстан олимпиада комитеті таратқан мәлімдемеде.

Аталмыш нәтижемен Қазақстанға А финалына өте алмаған. Енді ағайынды Емельяновтар ертең елорда уақытымен сағат 8-45-те В финалында өнер көрсетеді.