freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстандық жүзушілер АҚШ-тағы халықаралық турнирде 17 медаль жеңіп алды

Спорт
Қазақстандық жүзушілер АҚШ-тағы халықаралық турнирде 17 медаль жеңіп алды
Фото: ҰОК

АҚШ-тың Гринсборо қаласында өткен халықаралық жүзу турнирінде Қазақстан құрамасы 17 медаль жеңіп алды. Отандастарымыздың еншісінде 13 алтын, 2 күміс және 2 қола жүлде бар, деп хабарлайды Malim.kz.

София Абубакирова 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде алтын медаль жеңіп алды. Сондай-ақ ол 50 метрге шалқалай жүзуде қола жүлдегер атанды. Бұдан бөлек, спортшы 4×50 метр және 4×100 метр еркін стильдегі, сондай-ақ 4×50 метр аралас эстафеталарда алтын медаль иеленді.

Максим Сказобцов 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде топ жарды. Ол 200 метрге баттерфляйда күміс, ал 50 метрге баттерфляйда қола медаль еншіледі. Сонымен қатар 4×50 метр, 4×100 метр еркін стильдегі және 4×100 метр аралас эстафеталарда жеңіске жетті.

Егор Попов 100 метрге еркін стильде жүзуден алтын медаль жеңіп алды. Сондай-ақ 4×50 метр еркін стильдегі және 4×50 метр аралас эстафеталарда бірінші орын алды.

Ришат Жұмағұлов 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде күміс жүлдеге ие болды. Бұдан бөлек, ол 4×50 метр еркін стильдегі және 4×50 метр аралас эстафеталарда алтын медаль жеңіп алды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу