Еуро-2024. Алғашқы жартылай финалда Испания мен Франция кездеседі

Испания мен Франция арасындағы супер ойын бүгін Астана уақыты бойынша түнгі 00:00-де басталады

Арман Қайыпхан

  • 09.07.2024

Бүгін, 9 шілдеден 10 шілдеге қараған түні, футболдан Еуропа чемпионатының бірінші жартылай финалдық матчы өтеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Испания мен Франция арасындағы супер ойын бүгін Астана уақыты бойынша түнгі 00:00-де басталады.

УЕФА-ның ресми сайтының ақпаратынша, Испания командасына екі футболшы көмектесе алмайды. Яғни дисквалификацияға байланысты кездесуге қорғаушылар Дани Карвахаль мен Робен Ле Норман қатыспайды. Сондай-ақ жарақат алып қалған жартылай қорғаушы Педридің де қатысуы екіталай. 

Ал Франция командасында еш мәселе жоқ. Дисквалификациядан өткен Адриан Рабьо құрамаға қайта оралды. 

Испания-Франция матчының болжамды құрамы:

Испания: Унай Симон; Навас, Начо, Ляпорт, Кукурелья; Ольмо, Родри, Фабиан Руис; Ямаль, Мората, Уильямс.

Франция: Меньян; Кунде, Салиба, Упамекано, Эрнандес; Канте, Чуамени, Камавинга, Гризманн; Коло-Муани, Мбаппе.

Айта кетейік, соңғы 10 жылда ұлттық құрамалар үш рет кездесті. Франциялықтар екі рет жеңіске жетсе, бір рет Испания басым түскен.

Фото: uefa.com

Байланысты жаналықтар

Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

17.05.2025

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

15.05.2025

Құмар ойынның түрі: Ауғанстанда шахматқа тыйым салынды

12.05.2025

Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

11.05.2025

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңістен бастады

10.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

Құмар ойынның түрі: Ауғанстанда шахматқа тыйым салынды

Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

Медальдар кестесінде екінші орынға тұрақтады

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңістен бастады

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады