457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Келесі жылдан бастап жаттықтырушыларға 30 пайыз үстемеақы қосылады

Қазақстанда спорт саласындағы жаттықтырушылар мен нұсқаушы-педагогтердің еңбекақысын арттыру – Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келе жатқан жүйелі процесс. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады.

Атап айтқанда, 2020 жылдан бастап спорттық бағыттағы педагог қызметкерлердің жалақысы жыл сайын 25%-ға өсіп отырды. Бұл өсім 2024 жылға қарай 100%-ға жетті. Бұл – 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауда берілген тапсырмаларды орындау аясында жүзеге асырылған. Сонымен қатар 2022 жылдан бастап дене шынықтыру және спорт саласы қызметкерлерінің – жаттықтырушылар, әдіскерлер, нұсқаушылар және т.б. мамандардың – базалық еңбекақысы да 4 жылдық кезең ішінде тұрақты өсіп келеді.

2025 жылы бұл көрсеткіш 100%-ға жетті. Бұдан бөлек, жаттықтырушы-педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыруға ынталандыру мақсатында қосымша үстемақы енгізу жұмысы басталды. Атап айтқанда, ұлттық стандарттарға сай оқу-жаттығу процесін жүргізіп, арнайы біліктілік тестінен өткен жаттықтырушыларға 2026 жылдан бастап ай сайынғы лауазымдық жалақысының 30%-ы көлемінде қосымша ақы төлеу көзделіп отыр.

Осылайша, елімізде спорт саласында қызмет етіп жүрген мамандардың мәртебесін арттыру, еңбекақысын кезең-кезеңімен көтеру және олардың кәсіби дамуына жағдай жасау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді.

Фото: Оlympic.kz