Көкпардан Қазақстан құрамасы АҚШ-ты ойсырата жеңді

Ел құрамасы АҚШ-тан келген көкпаршыларды 12-4 есебімен жеңді

Сабина Асқарқызы

  • 10.09.2024

Қазақстанның көкпар құрамасы АҚШ-ты жеңіп, жартылай финалға өтті, деп хабарлайды Malim.kz.
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы АҚШ-тан келген көкпаршыларды 12-4 есебімен жеңді.

«АҚШ құрамасының ойыны бұрынғыға қарағанда дұрысталып қалған. Кеше көкбөрі ойнаған құрамы бүгін көкпар ойнады. Ертең жартылай финалда Ресей көкпаршыларымен кездесеміз. Тобымызда бес құрама болған соң финалға дейін үш кездесу өткізуіміз керек болды. Ал басты қарсыласымыз Қырғызстан бүгін Түркияны жеңсе финалға шығып тұр», – деді көкпардан ұлттық құрама бас бапкері Абылай Манкеев.

«Қазанат» ипподромында өтіп жатқан көкпар бәсекесіне 9 мемлекеттің құрамасы қатысып жатыр. Бұл спорт түрінен барлығы 104 спортшы сынға түседі. Көкпардан бақ сынайтын құрамалар: Қазақстан, АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Венгрия, Қытай, Моңғолия және Түркия.
Финалдық ойындар 12 қыркүйекте өтеді.

Фото: worldnomadgames.kz

Байланысты жаналықтар

Қырғыз көкпаршылары шеттетілмек немесе айыппұл арқаламақ

14.09.2024

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары тәмамдалды

13.09.2024

Аламан бәйгені Айқабақ жеңді

13.09.2024

Осыншалықты әділетсіздік жасайды деп ойламадық - қырғыз көкпаршысы

12.09.2024

Көшпенділер ойындары: Қазақстан қоржынында 32 алтын жүлде бар

12.09.2024

Ұлттық құрама көкпардан финалға шықты

11.09.2024
MalimBlocks
Қырғыз көкпаршылары шеттетілмек немесе айыппұл арқаламақ

Финалындағы келеңсіз жайтқа қатысты мәлімдеме жасалды

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары тәмамдалды

Қазақстан спортшылары 114 жүлдемен жалпыкомандалық есепте топ жарды

Аламан бәйгені Айқабақ жеңді

Аламан бәйгеге 27 шабандоз қатысты

Осыншалықты әділетсіздік жасайды деп ойламадық - қырғыз көкпаршысы

Көшпенділер ойындары: Қазақстан қоржынында 32 алтын жүлде бар

Ұлттық құрама көкпардан финалға шықты

Финалда Қырғызстан-Түркия кездесуінде жеңіске жеткен командамен ойнайды