Қырғыз көкпаршылары шеттетілмек немесе айыппұл арқаламақ

Финалындағы келеңсіз жайтқа қатысты мәлімдеме жасалды

Мәди Саматұлы

  • 14.09.2024

5 Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпар тартысында болған келеңсіз жағдайға қатысты бас төреші Тастанбек Есентаев мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның сөзінше, көкпардағы ереже бұзылған сәт он мәрте қаралған. Бірақ, ойынның ішінде қамшымен ұрғаны көрінбейді.

Бұл жайт ойыннан тыс уақытта болды. Қырғыздардың басты талабы – біздің ойыншыны қызыл қағазбен шеттету еді. Біздің ережеде ондай көрсетілмегендіктен, 2 минут алаңнан шығардық. Ары қарай бәсеке таза өтті деп ойлаймын. Екі команда да мықты. Төрешілер тарапынан ешқандай өрескел қателік болмады, дейді Тастанбек Есентаев.

Сондай-ақ, Әнұранға құрмет көрсетпей, мойындарына таққан медальді шешіп, мінез көрсетіп кетіп қалған қырғыздарға нақты шара қолданылатынын да айтты.

Барлығын халық көрді. Дұрыс шешім қабылданды. Наразылық марапаттау сәтінде де жалғасып, қырғыз көкпаршылары мерзімінен бұрын кетіп қалды. Бұл – мәдениетсіздік. Осындай жайттар үшін міндетті түрде шара қолданылады. Қырғыз көкпаршылары 2-3 жылға шеттетіледі немесе ақшалай айыппұл салынады. Нақтысын қазір айта алмаймын, деді бас төреші.

Айта кетейік, бейсенбі күні болған тартысты финалда Қазақстан құрамасы Қырғызстан командасын қосымша уақытта 5:4 есебімен жеңді.

Фото: worldnomadgames.kz

Байланысты жаналықтар

Жеңіс саябағында билеген оқушы қыздар жазаланды

08.05.2025

«Қайрат» футзал клубы Чемпиондар лигасының финалына шықты

03.05.2025

СҚО-да квадроциклмен қап тасыған баланың ата-анасына айыппұл салынды

01.05.2025

Ақтауда киімін далаға ілген әйел айыппұл арқалады

29.04.2025

Қазақстанда қытайлық компанияға қомақты айыппұл салынды

28.04.2025

Қостанайда шенеунік боқтағаны үшін жазаланды

26.04.2025
MalimBlocks
Жеңіс саябағында билеген оқушы қыздар жазаланды

«Қайрат» футзал клубы Чемпиондар лигасының финалына шықты

СҚО-да квадроциклмен қап тасыған баланың ата-анасына айыппұл салынды

Аймақта су тасқынының алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр

Ақтауда киімін далаға ілген әйел айыппұл арқалады

Қазақстанда қытайлық компанияға қомақты айыппұл салынды

Қостанайда шенеунік боқтағаны үшін жазаланды