Семейлік «Елімай» УЕФА Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчын тең нәтижемен аяқтады, деп хабарлайды Malim.kz.
Қазақстандық клуб сырт алаңда Арменияның «Алашкерт» командасымен кездесіп, 1:1 есебімен тең түсті.
«Елімай» сапынан Арсен Әшірбек мергендік танытса, алаң иелері қатарынан Давид Тертерян есепті теңестірді.
Енді қос команда арасындағы қарымта кездесу 16 шілдеде Семей қаласында өтеді. Осы матчтың қорытындысы бойынша келесі кезеңге жолдама алған команда анықталады.