Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Олимпиадаға жолдама алды

Еркін бағдарламада Шайдоров төрешілердің шешімі бойынша 192,70 ұпай жинады

Malim Админ

  • 30.03.2025

Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров әлем чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алып, 2026 жылғы Олимпиадаға жолдама алды.


Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Бостон (АҚШ) қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Қысқа бағдарламадан кейін қазақстандық спортшы үшінші орында тұрған еді. Нәтижесінде ол өз көрсеткішін жақсартып, жоғары көтерілді.

Еркін бағдарламада Шайдоров төрешілердің шешімі бойынша 192,70 ұпай жинады (жеке рекорд). Жалпы есепте ол 287,47 ұпайға (жеке рекорд) қол жеткізіп, жарысты екінші орынмен аяқтады.

Әлем чемпионатының алтын медалін қатарынан екінші рет америкалық Илья Малинин жеңіп алды – 318,56 ұпай. Ал жапониялық Юма Кагияма үздік үштікті қорытындылады – 278,19 ұпай.

Айта кетейік, Шайдоров ересектер арасындағы әлем чемпионатында өз мансабындағы ең үздік нәтижесін көрсетті. Бұған дейін оның қоржынында жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдесі болған. Сондай-ақ, биылғы маусымда ол 2025 жылғы Азия ойындарында қола медаль еншілеп, Төрт құрлық чемпионатында алтын жүлде жеңіп алды.

Мәнерлеп сырғанаушы 2026 жылғы Олимпиада ойындарына қатысу нормативін орындады. Ол үшін спортшы әлем чемпионатында үздік 24 спортшының қатарына енуі қажет болатын.

Қазіргі уақытта ISU тарапынан Олимпиадаға жолдама алған спортшылардың ресми тізімі жариялануы тиіс.

Фото: olympic.kz

 

Байланысты жаналықтар

Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

17.05.2025

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

15.05.2025

Құмар ойынның түрі: Ауғанстанда шахматқа тыйым салынды

12.05.2025

Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

11.05.2025

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңістен бастады

10.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

Құмар ойынның түрі: Ауғанстанда шахматқа тыйым салынды

Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

Медальдар кестесінде екінші орынға тұрақтады

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңістен бастады

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады