«Nur Otan» партиясы шығармашылық байқау жариялайды

Malim Админ

  • 30.09.2021

1 қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналғанжас жазушылар мен ақындар арасында өтетін «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауына құжаттар қабылдана бастайды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауын «Nur Otan» партиясы Қазақстан Жазушылар одағымен бірлесе ұйымдастыруда.

Шығармашылық байқау Тәуелсіздіктің алғашқы 30 жылында еліміздің жеткен жетістіктерін, мемлекеттілік іргесінің бекуіндегі Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен қол жеткізген табыстарды және қоғамды рухани жаңғыртудың идеялары мен құндылығын көрсететін қазіргі заманғы қазақстандық авторлардың шығармаларын қолдауды мақсат етеді. Байқауға 18-ден 40 жасқа дейінгі ақын-жазушылар, драматургтер мен сценаристер қатыса алады.

Байқау бес номинация бойынша өткізіледі. «Проза», «Поэзия», «Драматургия», «Көркем фильм мен телесериал сценарийі» және «Балаларға арналған шығарма» номинациясы бойынша байқаудың жалпы жүлде қоры 11 миллион теңгеден асады. Бірінші орынға иеленген жеңімпазға – 1 000 000, екінші орын иелеріне – 750 000, үшінші орынды қанжылаған қатысушыға – 500 000 теңге қарастырылып отыр.

Ұйымдастырушылар атап өткендей, байқауға авторлардың бұрын жарияланған шығармалары қатыстырылмайды.

«Байқауға әдепсіз сөздерді қамтитын, сондай-ақ үшінші тұлғалардың этикалық нормалары мен авторлық құқықтарын бұзатын туындылар жіберілмейді.Байқауға қатысу үшін «Проза» номинациясына 25 беттен аспайтын, «Поэзия» номинациясына мәтін көлемі 5 беттен аспайтын, «Драматургия» номинациясына 15 беттен аспайтын, «Көркем фильм мен телесериал сценарийі» номинациясына 30 беттен аспайтын, «Балаларға арналған шығарма» номинациясына 10 беттен аспайтын шығармалар жіберіледі», - делінген ұйымдастырушылар таратқан ақпаратта.

Байқаудың шарттары «Nur Otan» партиясының ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында, сондай-ақ аikyn.kz сайтында, «Miras» партиялық жобасының Facebook парақшасында жарияланады.

Байланысты жаналықтар

Азия ойындары. Қазақстан әйелдер құрамасы алтын медаль алды

27.09.2023

Ресейлік спортшылар Қазақстан азаматтығын алуда

06.07.2023

Чемпион өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болды

27.06.2023

Ең бай қазақ «Формула-1» компаниясын сатып алды

26.06.2023

Сарапшы: Винокуровтың Аstana Pro Team командасы мемлекеттен жыл сайын 5 млрд теңге алады

26.06.2023

Cарапшы:  Дзюдодағы жүйені  реттемей, жеңіске жетпейміз

15.06.2023
MalimBlocks
Азия ойындары. Қазақстан әйелдер құрамасы алтын медаль алды

Біздің спортшылар Азия ойындарының рекордын орнатты

Ресейлік спортшылар Қазақстан азаматтығын алуда

Коньки тебуден Ресей құрамасының жаттықтырушысы екі спортшысымен Қазақстан азаматтығын алуға өтініш білдірді

Чемпион өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болды

Ауыр атлетикадан Қазақстанның төрт дүркін чемпионы, Владимир Седов өзі тұратын Жетісу облысы Қаратал ауданындағы Достық ауылындағы үйінде өлі күйінде табылды.

Ең бай қазақ «Формула-1» компаниясын сатып алды

Байлығы 4,6 миллиард долларға бағаланатын ең бай қазақстандық Владимир Ким Hitech GP жарыс командасына иелік ететін Hitech Global Holding Limited компаниясының 25 пайыз акциясын сатып алды,- деп хабарлайды компания сайты.

Сарапшы: Винокуровтың Аstana Pro Team командасы мемлекеттен жыл сайын 5 млрд теңге алады

Команда 15 жылдан бері бюджеттен қаржыландырылады

Cарапшы:  Дзюдодағы жүйені  реттемей, жеңіске жетпейміз

Спорттық дәрігер, фармаколог, психолог  жоқ, кешенді топ қарастырылмаған