457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Өзбекстан алғаш рет футболдан Әлем чемпионатына жолдама алды

Бүгін Өзбекстан футболшылары БАӘ құрамасымен 0:0 есебімен тең ойнап, Азия іріктеуінің үшінші кезеңіндегі топта екінші орынды қамтамасыз етті, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл оларға тікелей жолдама әкелді, енді олар 2026 жылғы Әлем чемпионатында доп тебеді.

Енді 10 маусым күні Өзбекстан өз алаңында Катармен ойнайды, бірақ бұл матч турнирлік мағынаға ие емес.

Азия іріктеуінде әр топтағы (барлығы 3 топ) алғашқы екі орын алған командалар бірден ӘЧ-2026 финалдық кезеңіне өтеді. Ал үшінші және төртінші орын алғандар келесі, төртінші кезеңде жолдама үшін таласты жалғастырады.

Бұл топтан алғаш болып ӘЧ-2026-ға Иран шықты. Өзбекстан – Әлем чемпионатына шыққан 8-ші команда!

Фото: instagram.com/uzbekistanfa