ПСЖ тарихта тұңғыш рет Чемпиондар Лигасының жеңімпазы атанды

Франциялық «Пари Сен-Жермен» өзінің тарихында алғаш рет футболдан UEFA Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Malim.kz
2024/25 жылғы маусымның шешуші ойыны Германияның Мюнхен қаласындағы "Альянц Аренада" өтті. Париждік клуб қарсыласын 5:0 есебімен ұтып, Чемпиондар лигасы финалдарындағы ең ірі жеңіске қол жеткізді.
Кездесудің 12-минутында марокколық қорғаушы Ашраф Хакими есеп ашты. Ал араға сегіз минут салып, француз шабуылшысы Дезире Дуэ есепті 2:0-ге жеткізді. Екінші таймда сол Дуэ дубль авторы атанды (63-минут).
73-минутта грузиялық вингер Хвича Кварацхелия қарсы шабуылды нәтижелі аяқтап, есепті 4:0-ге жеткізді. Ал 86-минутта француз жартылай қорғаушысы Сенни Маюлу соңғы нүктені қойды.
Француз шабуылшысы Усман Дембеле екі нәтижелі пасымен көзге түсті. Сондай-ақ голдық пастарды Дезире Дуэ, бразилиялық жартылай қорғаушы Витинья және Брэдли Барколя да тіркеді.
Осылайша, "ПСЖ" клубы тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасын жеңіп алды. Бұған дейін париждіктер тек бір рет, 2020 жылы финалға шығып, "Бавариядан" жеңілген болатын.
2024/25 маусымында Луис Энрике жаттықтыратын "ПСЖ" төрт бірдей трофей иеленді: Чемпиондар лигасы, Франция чемпионаты, Кубогы және Суперкубогы.
Ал "Интер" клубы Еуропаның басты турнирінің финалында төртінші рет жеңіліске ұшырады.
Фото: Alex Pantling - UEFA/UEFA via Getty Images

Самое читаемое
