«Қазақстандағылар күлген еді». Өзбекстанның бас бапкері өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ол бапкер ретінде 7 алтын алуды мақсат еткенін атап өтті

Сабина Асқарқызы

  • 20.09.2024

Бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері Толқын Қылышев «Уақыт көрсетеді» YouTube арнасына берген сұхбатында Париж олимпиадасындағы жетістікке қалай жеткенін айтып берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Бас бапкердің айтуынша, Өзбекстан құрамасы алтын медальді сатып алған деп сын айтқандар көбейген. Ол бапкер ретінде әу бастан 7 алтын алуды мақсат еткенін атап өтті.

«Олимпиадада бес алтынға ие болдық. Қолынан келмегендер әр нәрсені айтып жатыр. Не айтатындарын өздері білмейді. Амал жоқ, осылай деп айтады. Егер өздері чемпион болса, олардың жеңімпаз болғаны есептеледі де, біздікі есептелмей ме?! Біз жеті алтын аламыз деп күш салдық. Біздің 7 боксшымызға қазіргі уақытта әлемде тең келер мықты жоқ деп нық сеніммен айта аламын. Кез келгеніне жауап беремін. Жарысты орта жолдан аяқтаған Руслан мен Турабек те жеңіске лайық еді», - деді Толқын Қылышев.

Бас бапкер ішіндегі жан сырын ақтарып, мақсатының айқын болғанын айтады.

«Негізі біз жеті алтын медаль алатын едік. Мен осы уақытқа дейін бұл нәрсені айтып келдім. Қазақстанның блогерлері «Толқын бес алтын аламын деп жатыр», - деп күлген еді. Мен бес емес, жеті алтын алғым келді. Бірақ бес алтын еншіледік. Мен қатты кетіп отырған жоқпын, тек ішімдегі дүниені айттым», - деді Толқын Қылышев.

Байланысты жаналықтар

Бокстан Бакуде өтетін турнирге қатысатын спортшылар белгілі болды

02.04.2025

Тоқаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға барады

01.04.2025

Мешітте намаз уақытында жарылыс болды: қаза тапқандар бар

01.04.2025

Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан шекараға қатысты келісімге қол қойды

31.03.2025

Шекара туралы құжат: Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстан президенттері кездесті

31.03.2025

Қазақстан мен Өзбекстан халықтарын жақындастыру жолындағы маңызды қадам - Руслан Желдібай

30.03.2025
MalimBlocks
Бокстан Бакуде өтетін турнирге қатысатын спортшылар белгілі болды

Отандастарымыз Әзірбайжанда жаттығу өткізіп жатыр

Тоқаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен 3-4 сәуір күндері Өзбекстанға жұмыс сапарымен барады

Мешітте намаз уақытында жарылыс болды: қаза тапқандар бар

Өзбекстанның Әндіжан облысының Ізбасқан ауданындағы мешіттердің бірінде жарылыс болды. Оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, тағы он адам жарақат алды

Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан шекараға қатысты келісімге қол қойды

Шекара туралы құжат: Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстан президенттері кездесті

Тәжікстанның Хожант қаласында Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан президенттері Садыр Жапаров, Шавкат Мирзияев және Эмомали Рахмон кездесті

Қазақстан мен Өзбекстан халықтарын жақындастыру жолындағы маңызды қадам - Руслан Желдібай

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Қазақстан мен Өзбекстан кездесуі туралы айтты