457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстандық спортшының қарсыласы жекпе-жекке шығудан бас тартты

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаевтың UFC-гі келесі қарсыласы болған аустралиялық Стив Эрцег жекпе-жектен бас тартты, Malim.kz.

Отандасымыз өнер көрсететін Dar Team командасы жекпе-жекке қатысты ресми мәлімдеме жасады. 

Асу Алмабаев жақын арада АҚШ-қа ұрысқа дайындалу үшін ұшатынын ресми түрде мәлімдейміз. Бізге белгісіз себептермен Эрцегтің өзі жекпе-жекке шықпайтын болды. Турнирге дейін бір ай болғандықтан, біздің командамыздың жауынгері үшін жаңа қарсылас таңдалады немесе Стив есін жиып, жекпе-жекті қабылдайды, деп жазды.

Айта кетейік, Асу Алмабаев пен Стив Эрцег арасындағы жекпе-жек 1 наурыз күні UFC Vegas 103 турнирінде өтуі керек болған. Отандасымыз жекпе-жекке Таиландта дайындалды. Ары қарай АҚШ-та жалғастыруды жоспарлап отырған. 

Фото: Dar Team