Роналдиньодан асып түсті. Түркістандық оқушы әлем рекордын жаңартпақ
Мейрамбектің 8 мыңға жуық рет доп тебуіне 2 сағаттан астам уақыт кеткен

Түркістан облысында тұратын 14 жасар жеткіншек әуелетіп доп тебуден әлем рекордын жаңартуы мүмкін. Қазығұрттық Мейрамбек Сілеусінов допты жерге түсірмей, 7994 рет тепті деп жазады 24 kz.
Спорт сарапшылары бұл әлемдегі ең жоғары көрсеткіш деп отыр. Себебі атақты аяқдопшы Месси мен Роналдудың өзі әуедегі допты 4 мыңнан артық тебе алмаған.
Мейрамбектің 8 мыңға жуық рет доп тебуіне 2 сағаттан астам уақыт кеткен. Алайда бұл рекорд әлі құжат түрінде бекітілген жоқ. Әуелете доп тебуден Ордабасы футбол академиясы ұйымдастырған сайыста Мейрамбек өзінің ғана емес, әлемдегі аяқ доп шеберлерінің рекордын жаңартты. Бұған дейін әуелете доп тебуден ең үздік көрсеткіш брзилиялық әйгілі футболшы Роналдиньоға тиесілі болған. Ол допты жергі түсірмей 7432 рет тепкен. Ал Мейрамбектің көрсеткіші 7994.
«Мен жарысқа бір аптадай дайындалдым. Таңертең сабаққа кетемін түсте келемін. Күнде 2-3 мың рет теуіп тұрамын. Жарыста қорқыныш болған жоқ. 8 мың рет тебемін деген мақсат қойдым, нәтижесінде бас жүлде алдым»,- дейді Мейрамбек Тойлыбаев.
Мейрамбектің ала допты серік еткеніне 3 жылдан асқан. Оны спорттың бұл түріне ағасы Бекарыс баулыған. Ол інісінің ерекше қабілетке ие екенін байқап күн сайын бос уақытында топ тебуді үйреткен.
Мейрамбектің рекорды әзірге құжат жүзінде бекітілмеген. Бірақ оның 3 сағатқа жуық допты түсірмей тепкенін дәлелдейтін видеолары бар. Егер рекордтар кітабына енгізу үшін қайта доп тептірсе оған да дайын. Ал оқушының осы көрсеткішіне қарап оны үлкен футбол клубтары шақырта бастаған. «Ордабасы» футбол академиясының өкілі Арман Пірманов Мейрамбекті аттай қалап отырғандарын айтады.
«Қалаға келсе біз академияға алып барамыз. Ол жерден жақсы ойнап жатса «Ордабасы» сапына қосамыз. Ары қарай жататын жерін, тамағын, барлығын "Ордабасы", Оңтүстік академия төлейді»,- дейді ол.
Теңбіл допты ұршықша иірген жеткіншектің жетістігі көп. 8-сыныпта оқитын Мейрамбек болашақта Қазақстан Ұлттық құрамасы сапында ойнағысы келеді. Сонымен қатар әуелете доп тебуден өз рекордын 10 мыңға жеткізіп, әлемде көшбасшы болуды көздейді.
Фото: видеодан скрин