Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Америка кубогында алаңнан кеткен Месси көз жасына ерік берді

Спорт
Америка кубогында алаңнан кеткен Месси көз жасына ерік берді

14 шілдеден 15 шілдеге қараған түні Майамидегі «Хард Рок» стадионында Америка кубогының финалында Аргентина мен Колумбия құрамалары кездесті, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл матч тәртіпсіздіктерге байланысты 1 сағат 20 минутқа кешігіп басталды.

Аргентинаның 37 жастағы капитаны әрі шабуылшысы Лионель Месси матчтың 65-минутында – есеп 0:0 кезінде алаңнан кетуге мәжбүр болды. Ол алаңның ортасында колумбиялық футболшы Луис Диаспен допқа таласта жарақат алып қалды. Бұған дейін біріншің таймның аяқталар тұсында Месси колумбиялық қорғаушы Сантьяго Ариаспен соқтысып, жарнама ілулі тұрған қоршауға барып соғылды, бірақ тиісті медициналық көмектен соң матчты жалғастырған. Осыдан соң «Алтын доптың» сегіз дүркін чемпионының қосалқы құрам ойыншыларының жанында жылап отырған суреттері тарады.

Ал ойынның тағдыры тек қосымша уақытта шешілді. Екі құрама да негізгі уақытта бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алмады. Матчтың 112-минутында жартылай қорғаушы Джовани Ло Чельсодан пас алған шабуылшы Лаутаро Мартинес Аргентинаға жеңіс сыйлады.

Фото: instagram.com/brfootball

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу