freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Маңғыстаулық психологтар «Жастар EQ 3.0 & Mental Health» жобасы аясында  «Нейропсихология» модулін сәтті аяқтады

Білім-ғылым
Маңғыстаулық психологтар «Жастар EQ 3.0 & Mental Health» жобасы аясында  «Нейропсихология» модулін сәтті аяқтады
Баспасөз қызметі

27 шілде күні Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысымен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ-тың қолдауымен, «Қолдау» орталығы» ЖМ ұйымдастыруымен «Жастар EQ 3.0 & Mental Health» жобасы аясындағы 4 компонентті оқытудың 4-ші дәрісі өтті.

Іс-шараға жоба қатысушылары, психологтар, педагогтар және жастармен жұмыс істейтін мамандар қатысты.

Бүгінде өте сұранысқа ие «Нейропсихология»  бағыты бойынша өңір мамандарын тәжірибелі психолог, нейропсихолог маман  Айгерім Құлмаханбет оқытып, ми бөліктері мен оның қызметі туралы теориялық, практикалық бөліктерден тұратын ТоТ форматында семинар өткізді. 

Дәріс барысында қарастырылған мәселелер:
Қатысушылар мидың жұмыс ерекшеліктерімен, эмоция мен когнитивті процестердің өзара байланысымен танысты. Сонымен қатар спикер кәсіби қызметте нейропсихологиялық тәсілдерді қолданудың практикалық жолдарын көрсетті. 

Тренердің айтуынша, эмоционалдық интеллект пен психикалық денсаулықты сақтау дағдылары – қазіргі жастардың ең маңызды құзыреттілігінің бірі.

«Жастар EQ 3.0 & Mental Health» жобасы жастардың жеке дамуына және кәсіби өсуіне бағытталған республикалық бастама.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу