freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

БЖЗҚ-ның жаңа жеткілікті шегі: 30 мың азамат қана артық жинаған

Қоғам
БЖЗҚ-ның жаңа жеткілікті шегі: 30 мың азамат қана артық жинаған
Kazinform

Ең төменгі жеткіліктілік шегін есептеудің жаңа әдістемесіне сәйкес, белгіленген шектен жоғары зейнетақы жинақтары бар азаматтардың саны 30 мыңнан сәл асады. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан мәлім етті, деп хабарлайды Malim.kz Kazinform.kz-ке сілтеп. 

Соңғы мәліметтерге қарағанда, 2026 жылдың 5-10 маусымы аралығында ең төменгі жеткіліктілік шегінің ұлғаюынан кейін БЖЗҚ тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған біржолғы зейнетақы төлемдері бойынша (жеткіліктілік шегі аясында) 52 өтінішті орындады.

БЖЗҚ қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға және емделуге мерзімінен бұрын пайдалануға рұқсат берілгеннен кейін 2021 жылдың қаңтары мен 2026 жылдың 31 мамыры аралығында бұл құқықты шамамен 1,5 миллион адам пайдаланғанын еске салды. Оның ішінде шамамен 950 мың салымшы мен алушы қаражатты тұрғын үй жағдайларын жақсартуға жұмсаса, тағы 570 мыңнан астам адам емделу ақысын төлеген.

— Жалпы, 5,8 триллион теңге алынды. Оның 5 триллион теңгеден астамы ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын қаражат болды. Бұл ретте тұрғын үй мақсаттарына 4,8 триллион теңгеден астам, ал емделуге шамамен 1 триллион теңге пайдаланылды, — деп хабарлады БЖЗҚ агенттіктің ресми сауалына берген жауабында.

Қордың мәліметінше, ең төменгі жеткілік шегін есептеу әдістемесі өзгергенге дейін белгіленген шектен жоғары жинақтары бар азаматтардың саны шамамен 500 мың болған. Әдістеме қайта қаралғаннан кейін олардың саны 16 еседен астам қысқарып, 30 мыңнан сәл асатын деңгейге дейін төмендеді.

Осы айдың басында зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану кезінде қолданылатын ең төменгі жеткіліктілік шегінің параметрлері жаңартылды. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу