freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бір отбасының үш келіні қалта ұрлығымен ұсталды

Оқиға
Бір отбасының үш келіні қалта ұрлығымен ұсталды
Видеодан скрин

Алматыда қалта ұрлығымен айналысқан күдіктілер - сыған ұлтының өкілдерінен құралған отбасылық топтың заңсыз әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды Malim.kz BAQ.kz cайтына сілтеме жасап.

Бір отбасының үш келіні келісіп, ұйымдасқан түрде ұрлықпен айналысқан.

Криминалдық полиция қызметкерлері қылмыстық схеманың соңғы, үшінші қатысушысын ұстады. Бұған дейін оның тағы екі сыбайласы қолға түскен болатын. Қазіргі уақытта үшеуі де қамауға алынды, - деп хабарлады Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі. 

Тергеу мәліметінше, әйелдер алдын ала өзара рөлдерді бөлісіп, адам көп жиналатын орындарды таңдаған. Негізгі нысандары – базарлар, қоғамдық көлік және халық көп шоғырланатын өзге де орындар болған. Олар осы жерлерде ұялы телефондарды, ақша және алтын бұйымдарды ұрлаған.

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, дәлелдемелер базасын жинақтап, қылмыстық топтың барлық қатысушыларын кезең-кезеңімен анықтады. Алдын ала мәлімет бойынша, ұсталғандардың Алматы қаласы аумағында жасалған ондаған мүліктік қылмысқа қатысы болуы мүмкін. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. Полицейлер олардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр, - деді полиция өкілдері.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу