Роналду үздік сұрмерген ретінде «Алтын бутсыға» ие болды

Ол 2023/24 жылғы маусымда 35 гол соғып, 11 нәтижелі пас берді.

Берік Дәулетов

  • 30.05.2024

«Әл-Наср» футбол клубы мен Португалия құрамасының ойыншысы Криштиану Роналду Сауд Арабиясы чемпионатының үздік сұрмергені ретінде «Алтын бутсыға» ие болды, деп хабарлайды Malim.kz

Бұл туралы «Әл-Насрдың» X желісіндегі ресми парақшасында жазды.

Роналду 2023/24 жылғы маусымда 35 гол соғып, 11 нәтижелі пас берді. Сондай-ақ гол саны бойынша Сауд Арабия чемпионатында рекорд орнатып, төрт түрлі елдің жоғарғы лигасында үздік сұрмерген атанған тарихтағы алғашқы футболшы болды.

Мен төрт елдегі алғашқы үздік cұрмерген ретінде тарихқа енгенімді мақтан тұтамын. Осы жолда маған көмектескен барлық клубтарға, командаластарыма және қызметкерлерге көп рақмет! - деп жазды Роналду Instagram желісіндегі парақшасында.

39 жастағы футболшы «Әл-Наср» сапында 2023 жылдан бері ойнап келеді.

Оның командасы осы маусымда Сауд Арабиясы чемпионатын екінші орынмен аяқтады. Бұл турнирде «Әл-Хиляль» футбол клубы 94 ұпаймен көш бастап, жеңімпаз атанды.

Фото: x.com/AlNassrFC_EN

Байланысты жаналықтар

Рекорд. Криштиану Роналду 900-ші голын соқты

06.09.2024

Криштиану Роналду УЕФА-ның арнайы сыйлығымен марапатталады

27.08.2024

Биыл 1 сыныпқа 351 мың бала қабылданды, оның 70%-ы қазақша

27.08.2024

Қазақстан Паралимпиадаға рекордты жолдама алды

18.08.2024

ХХІ ғасырдың үздік футболшысы анықталды

24.07.2024

Париж Олимпиадасы Қазақстан спорт тарихында антирекорд орнатты

22.07.2024
MalimBlocks
Рекорд. Криштиану Роналду 900-ші голын соқты

Футболшы осымен 1237 ойынға қатысты

Криштиану Роналду УЕФА-ның арнайы сыйлығымен марапатталады

Арнайы сыйлық Монакодағы жеребе тарту рәсімінде беріледі

Биыл 1 сыныпқа 351 мың бала қабылданды, оның 70%-ы қазақша

Сондай-ақ, 11 сынып оқушыларының саны да рекордқа жеткен

Қазақстан Паралимпиадаға рекордты жолдама алды

Елімізден 44 спортшы барады

ХХІ ғасырдың үздік футболшысы анықталды

Бұл тізімде Роналду екінші орынға жайғасты.

Париж Олимпиадасы Қазақстан спорт тарихында антирекорд орнатты

Қазақстан Францияға өз тарихында ең кішкентай делегациямен, яғни 80 спортшымен аттанды