Рыбакина Уимблдонның үшінші айналымына өтті

Қазақстанның бірінші, әлемнің 11-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон-2025 турниріндегі екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Malim.kz.
Екінші айналымда Рыбакина грек спортшысы Мария Саккаримен (77-орын) кездесті және оны екі сетте — 6:3, 6:1 есебімен жеңді.
Елена үшінші кезеңде Клара Таусон (Дания, 22-орын) мен Анна Калинская (Ресей, 39-орын) арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.
Еске салайық, Елена Рыбакина 2022 жылы Уимблдон турнирінің чемпионы атанған еді. Ал өткен жылы бұл турнирде жартылай финалға дейін жетіп, онда чехиялық теннисші Барбора Крейчиковаға (16-орын) жол берген еді.
Фото: instagram.com/wta


Ең көп оқылған
