«Шахматшы алдағы қадамын жоспарлауы керек». Бибісара Асаубаева тағы да жазба жариялады 

Бұл бәріне сабақ болсын

Malim Админ

  • 27.03.2023

Шахматшы Бибісара Асаубаева Жансая Әбдімәлік екеуінің арасында болған түсінбестікке  қатысты пікір білдіріп, желіге жазба жариялады. Ол осылайша мәселеге нүкте қойғандай болды.  

«Кеше қатты ашуланып кеткен шығармын (сол үшін түрлі хейттер алдым). Бұл бәріне сабақ болсын. Шахматшы алдағы қадамдарын алдын ала жоспарлап отыруы керек, ол ең алдымен, өмірде қажет дүние,  қателессең опық жеуің мүмкін. Егер қателескен тұсым болса оны мойындауға дайынмын», - деді ол.

Асаубаева Нью-Делиде болған келеңсіз жайт ендігәрі қайталанбауын өтініп, турнирді ың-шыңсыз өткізгісі келетінін жеткізді.

 «Ұйымдастыру, ұйқы, көз жас, жанжал, толассыз уәделер мен құр үміт беру болмаса екен. Жай ғана ойнап, рекорд орнатып, елімізді танытып, жақындарыңды қуантқың келеді. Осы жерге сол үшін келдік. Ондай мүмкіндігіміз болады деп үміттенемін. Қасиетті Рамазан айында жамандық ойламаған дұрыс. Ренжіткен адамдарым болса кешірім сұраймын. Ондай мақсатым болған жоқ», - дейді Бибісара.

Еске салайық, қазақстандық шахматшылар Бибісара Асаубаева мен Жансая Әбдімәлік Үндістанның Нью-Дели қаласында шахматтан Гран-при турниріндегі жағдайға байланысты тәжікелесіп қалған еді.

Артынша, Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) президенті Аркадий Дворкович Үндістанда өткен әйелдер Гран-приінің 11 қатысушысына жергілікті ұйымдастырушылар жіберген ағаттықтар үшін кешірім сұраған. 

Фото: esquire.kz    

Байланысты жаналықтар

7 жасар қазақстандық әлем чемпионы атанды

28.03.2025

Бишімбаевті соттаған судья тағы да көзге түсті

17.03.2025

Үндістандық 18 жасар жігіт шахматтан әлем чемпионы атанды

13.12.2024

Алматыда сотталғандар шахмат үйренуді дағдыға айналдырған

12.10.2024

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шахматтан әйелдер құрамасын құттықтады

23.09.2024

Бибісара Асаубаева атақты Карякинді жеңді   

27.01.2023
MalimBlocks
7 жасар қазақстандық әлем чемпионы атанды

Қазақстандық шахматшы Қайрат Абдул-Мәлік 7 жасқа дейінгі санатта шахматтан әлем чемпионы атанды

Бишімбаевті соттаған судья тағы да көзге түсті

Үндістандық 18 жасар жігіт шахматтан әлем чемпионы атанды

Ол сонымен бірге, әлемнің ең жас чемпионы болып отыр

Алматыда сотталғандар шахмат үйренуді дағдыға айналдырған

Оларға арнайы шеберлік сағаты өткізілген

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шахматтан әйелдер құрамасын құттықтады

Қазақстан құрамасы тоғызыншы турда Польшадан басым түсіп, 16 ұпаймен бірінші орынға шыққан

Бибісара Асаубаева атақты Карякинді жеңді   

Қазір оның 2 739 ұпайы бар