Шымкентте түрлі ұлыс өкілдері мәдениет үйлерін салып жатыр

  • 01.05.2021

Шымкент қаласына қарасты «Қазығұрт» елдімекенінде жаңа Мәдениет үйі бой көтермек. Бүгін Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасыры Шыңғыс Мұқан және Абай ауданы әкімі Бұхарбай Парманов және қалалық мәслихат депутаттары «Қазығұртқа» арнайы барып, 0,15 га жерге салынбақ Мәдениет үйінің жобасымен танысты.

Бір айта кетерлігі бұл Мәдениет үйін жергілікті түрік-әзірбайжан ұлысының өкілдері жеке қаражаттарына салып беріп,  Тәуелсіздіктің 30 жылдығына тарту етпек.

–1 мамыр Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесі - баршамызға құтты болсын! Бір мемлекетте ұлт болып ұйысып тұрғаннан соң, қоян-қолтық араласып, бір-бірімізбен тату-тәтті тұрып, еліміздің дамуына өз үлесімізді қоса берейік. Бүгінгі бастамаларыңыз құтты болып, қаламыз көркейе берсін, – деді көпшілік алдында қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан.

Кәсіпкер, түрік ұлысының өкілі Нәсіп Асланұлының Мәдениет үйін салу бастамасын Өзбек мәдени орталығының жетекшісі Икрамжан Акрамұлы да қолдап отыр. ОЛ Шымкенттің Қызылжар елдімекеніне өзбек этносының атынан мәдениет үйін салып беруге уәде берді.

 

Байланысты жаналықтар

Қазақстандық спортшы таеквондодан әлем чемпионы атанды

12.05.2025

Астанадағы Grand Slam турнирінде Қазақстан 9 медаль жеңіп алды

12.05.2025

Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

11.05.2025

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңістен бастады

10.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025

Серік Қонақбаев Қазақстандағы ең бай кәсіпкерлер тізіміне енді

10.05.2025
MalimBlocks
Қазақстандық спортшы таеквондодан әлем чемпионы атанды

Астанадағы Grand Slam турнирінде Қазақстан 9 медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

Медальдар кестесінде екінші орынға тұрақтады

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңістен бастады

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

Серік Қонақбаев Қазақстандағы ең бай кәсіпкерлер тізіміне енді