457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Тарихи алтын: гимнаст Ақмарал Ерекешева әлем чемпионатында жеңіске жетті

Софияда (Болгария) көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жекелей бағдарламасы бойынша финалдық кезеңі басталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстандық гимнаст Ақмарал Ерекешева үш бірдей финалға бірінші орынмен жолдама алып, екі жүлдеге ие болды.

Доппен көрсеткен өнері үшін Ерекешева 26.150 ұпай жинап, әлем чемпионы атанды.

Сондай-ақ ол шығыршықпен орындалатын жаттығуда 26.950 ұпай жинап, күміс медаль жеңіп алды.

Айта кетейік, 22 маусымда Ақмарал Ерекешева таспамен, ал Айғаным Рысбек ұршықтармен орындалатын жаттығу финалына қатысады.

Фото: olympic.kz