457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Алматы жұрты Әбиба Әбужақынованы құрметпен күтіп алды

Алматы жұрты әлем чемпионатының жүлдегері мен қатысушыларын құрметпен күтіп алды, деп хабарлайды Malim.kz.
Дзюдодан Будапештте (Мажарстан) өтіп жатқан әлем чемпионатында әйелдер арасында алғаш рет финалға жетіп, күміс жүлдеге ие болған Абиба Әбужақынова Қазақстанға оралды.


Алматы халықаралық әуежайына түн жарымда келсе де, жанкүйерлер оны құшақ жая қарсы алды.
Абиба Әбужақынова өз мансабында үшінші мәрте Әлем чемпионатында жүлде алды. 2022, 2024 жылдары қола жүлдеге ие болса, биыл күміс жүлдегер атанды.
Айта кетейік, Мажарстандағы жаһандық дода 20 маусымда мәресіне жетеді.

Фото: t.me/kazjudoteam