26 жылдан кейін: Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен әлем чемпионатында алтын алды

Хорватия астанасы Загреб қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен әлем чемпионатында Айдос Сұлтанғали (60 келі) алтын медаль алды.
Отандасымыз финалда өзбекстандық Алишер Ганиевтен басым түсті.
Бұл — ел құрамасы қоржынына 26 жылдан бері түскен алтын медаль. 1999 жылы қазақстандық Мхитар Манукян (63 келі) жеңіске жетсе, 1998 жылы Бахтияр Байсейітов әлем чемпионы болған.
Айта кетсек, 60 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Амиран Шавадземен (Грузия) кездесті.
Айдос белдесу барысында 1:2 есебімен ұтылып жатқан еді. Дегенмен белдесудің соңына қарай екі тиімді әдіс қолданып, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Қорытынды есеп: 8:2.
Айдос Сұлтанғали 1996 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қазірге дейін 2018, 2022 жылдары әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды. 2021 жылы Азия чемпионы атағын жеңіп алды.
Хорватиядағы әлем чеспионатында отандасымыз Максвелл Хоппер Блэкті (АҚШ), Мелкаму Фетенені (Израиль), Париж Олимпиадасының және Азия ойындарының қола жүлдегері Сеун Лиді (Солтүстік Корея), Амиран Чавадзеде (Грузия) секілді қарсыластарын қапы қалдырды.
Фото: Туризм және спорт министрлігі