Елімізде рұқсатсыз алтын өндірген компания басшылары ұсталды

Арман Қайыпхан

  • 24.04.2025

Абай, Жетісу, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарында алтын құрамды материалдарды заңсыз өндірумен және өңдеумен айналысқан бес кәсіпорын анықталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Аталмыш компаниялардың заңсыз қызметін Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Бас прокуратураның үйлестіруімен анықтады.

ІІМ-нің мәліметінше, тексеру барысында бұл компаниялардың тек геологиялық барлау жүргізуге лицензиялары бола тұра, арнайы техника мен өндірістік жабдықтарды пайдаланып, алтын құрамды кенді кең көлемде заңсыз өндіргені анықталды.​

«Жүргізілген тінту шаралары барысында 6 700 тоннадан астам алтын құрамды кен, 300 тонна сұйық кен (пульпа), 120 тонна селитра, сондай-ақ жарылғыш заттар мен детонаторлар тәркіленді.

Сонымен қатар оқиға орындарынан 45 бірлік арнайы техника алынды.​ Полицияға 62 адам, оның ішінде бірнеше компанияның директорлары мен құрылтайшылары жеткізілді.

Анықталған заң бұзушылықтар бойынша құрамында бағалы металдар бар шикізаттың заңсыз айналымы фактілері бойынша бес қылмыстық іс тіркелді. Мемлекетке аса ірі көлемде залал келтірілгені анықталды», - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Фото: видеодан кадр

Байланысты жаналықтар

Өскемен тұрғыны қылмысын жасыру үшін пәтерді өртеп жіберген

23.04.2025

Ақтөбеде екі адам өмір бойына сотталды

22.04.2025

Гүлмира Сатыбалды тағы бір қылмыстық істе күдікті деп танылды

21.04.2025

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 12-ші хат

19.04.2025

«Қызғаныш». Жаңөзенде шетелге оқуға түскен жасөспірімді сыныптастары ұрып тастады

18.04.2025

Шерзат Болаттың ісі: Айыпталушылар кінәсін мойындамады

17.04.2025
MalimBlocks
Өскемен тұрғыны қылмысын жасыру үшін пәтерді өртеп жіберген

Ақтөбеде екі адам өмір бойына сотталды

Гүлмира Сатыбалды тағы бір қылмыстық істе күдікті деп танылды

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 12-ші хат

Күнi eртeң oлар мұнай, алтын, фoсфoр, мыс сeкiлдi сапасы да, бағасы да жoғары өнiмдeрдi жанын салып өндiрe бастаған сoң (oларға жeңiлдiк мoл) шаш-eтeктeн байлыққа батады. Eртeң oл кeн oрындарының қазынасын түгeл қoпарып, суалған сиыр сeкiлдi қаңыратып кeтпeсe бoлды.

«Қызғаныш». Жаңөзенде шетелге оқуға түскен жасөспірімді сыныптастары ұрып тастады

Шерзат Болаттың ісі: Айыпталушылар кінәсін мойындамады