Теннисші Елена Рыбакина тарихи рекорд орнатты
Римде 7-19 мамыр аралығында өтетін WTA 1000 санатындағы турнирінің жеребесі өтті.
Қазақстанның алғашқы ракеткасы Елена Рыбакина өткен жылғы WTA 1000 санатындағы турнирлерде 500-ден астам ұпай (winner) жинаған жалғыз теннисші болды, деп хабарлайды Malim.kz.
OptaАce статистикалық сайтының жазуынша, отандасымыздың активінде белсенді әрекеттері есебінен ұтқан 570 ұпай бар.
Бір күн бұрын Римде 7-19 мамыр аралығында өтетін WTA 1000 санатындағы турнирінің жеребесі өтті. Турнирдің қазіргі чемпионы - қазақстандық Елена Рыбакина бірден екіншісі айналымға өтіп, румыниялық Ирина Бегумен немесе біліктілік бойынша теннисшімен кездеседі.
Фото: ҚР Теннис федерациясы