457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Төрехан Сабырхан кәсіпқой бокстағы дебютін жеңіспен бастады

Қазақстан ұлттық құрамасының боксшысы Төрехан Сабырхан кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті. 

Ол Астанада өтіп жатқан «Battle of the Brave» кәсіпқой бокс кешінде шаршы алаңға шықты. Отандасымыз Чехия өкілі Йиржи Хаукемен (4-6, 2 КО) жұдырықтасты.

Жекпе-жек барысында қазақстандық боксшы айқын басымдылық танытып, үшінші раундта қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді. Ал, төреші жекпе-жекті аяқталғанын хабарлап, Төрехан қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.

Еске сала кетсек, Жәнібек Әлімханұлы бүгін Астана қаласында кезекті жекпе-жегін өткізіп, чемпиондық белдіктерін қорғайды.

Фото: Қазақстан бокс федерациясы