Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Садриддин Ахметов алғаш рет жеңіске жете алмады

Спорт
Садриддин Ахметов алғаш рет жеңіске жете алмады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахметов Коммерс қаласында (АҚШ, Калифорния) мексикалық Элиас Эспадаспен 10 раундтық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл кездесу тең аяқталды. Үш төреші бір ауыздан – 95:95 есебімен тең шешім шығарды.

Бұл нәтиже Садриддин үшін кәсіби мансабындағы алғашқы тең ойын болып отыр. Бұған дейін ол 15 жекпе-жектің барлығында жеңіске жетіп, 13-ін нокаутпен аяқтаған еді.

Жекпе-жектен кейін Садриддин Ахметов бәрі де алда екендігін айтып, қазақстандық жанкүйерлерге алғысын білдірді.

Бұл — бокс. Қарсыласым мықты болды. Мен бесінші не алтыншы раундта қолымды сындырып алдым. Соған қарамастан, бұл жақсы жекпе-жек болды. Реванш өткіземіз деп ойлаймын. Барша Қазақстан халқынан кешірім сұраймын. Бұл жай ғана спорт. Біз міндетті түрде қайта оралып, келесі жекпе-жекте жеңіске жетеміз, - деді ол.

 

Фото: instagram/sadriddin_____soq

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу