Туниске Олимпиада алтынын әперген Есбол Сұлтанов Қазақстанға оралады

Бұған дейін Тунис таэквандо спортынан Олимпиада алтынын иеленбеген болатын

Сабина Асқарқызы

  • 15.01.2025

Парижде өткен олимпиадада таэквандодан Тунис құрамасына тарихи екі жүлдені алып берген Есбол Сұлтанов Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Тунис таэквандо құрамасының бас бапкері Есбол Сұлтановтың жетекшілігімен ел тарихында тұңғыш рет Олимпиада ойындарында алтын және күміс медаль жеңіп, жалпыкомандалық есепте төртінші орынға табан тіреді. Бұған дейін Тунис таэквандо спортынан Олимпиада алтынын иеленбеген болатын. Есбол Сұлтанов Тунис құрамасымен келісімшартқа 2023 жылдың қыркүйегінде қол қойып, жұмысын бастаған. Олимпиадаға дейін ол командаға Гран-при кезеңдерінде екі алтын медаль жеңіп алуға көмектесіп, бұл жеңістер Тунис үшін тарихи оқиғаға айналды.

Сонымен қатар, Гонконгта өткен Дүниежүзілік таэквандо федерациясының іс-шарасында Есбол Сұлтанов «2024 жылдың ең үздік бапкері» атағына лайық деп танылып, арнайы марапатқа ие болды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та Есбол Сұлтановтың бұл жетістігін жоғары бағалап, еліміздегі бапкерлерге қолдау көрсету қажеттігін атап өткен болатын.

Фото: ҰОК

Байланысты жаналықтар

ШҚО-да қаржылық қауіпсіздік бойынша алғашқы Ұлттық олимпиадаға дайындық басталды

08.04.2025

2028 жылғы Олимпиадада бокстың тағдыры қалай болмақ?

18.03.2025

Халықаралық жарыста жас каратэшілер 4 алтынға ие болды

24.02.2025

Азия ойындарында Қазақстан қоржынына екі күміс медаль түсті

08.02.2025

Қазақстан ұлттық құрамасына отандық маман бас бапкер болды

31.01.2025

Бақтияр Артаевқа Вэл Баркер кубогі қайта табысталды

30.01.2025
MalimBlocks
ШҚО-да қаржылық қауіпсіздік бойынша алғашқы Ұлттық олимпиадаға дайындық басталды

2028 жылғы Олимпиадада бокстың тағдыры қалай болмақ?

2022 жылғы ақпанда бекітілген Олимпиада спорт түрлерінің тізіміне бокс енгізілмеген

Халықаралық жарыста жас каратэшілер 4 алтынға ие болды

Азия ойындарында Қазақстан қоржынына екі күміс медаль түсті

Қазақстан ұлттық құрамасына отандық маман бас бапкер болды

Әли Ханалиұлы 1980 жылы 27 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген

Бақтияр Артаевқа Вэл Баркер кубогі қайта табысталды

Ол бірнеше жыл бұрын кубокті қайтарып берген еді