Ұлттық спорт қауымдастығына жаңа президент сайланды

Арман Қайыпхан

  • 01.02.2025

Еркебұлан Ильясов Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті болып сайланды, деп хабарлайды Malim.kz.
1 ақпан күні - Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының кезектен тыс жалпы отырысы өтті. Отырысқа ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев, сондай-ақ, еліміздің ұлттық спорт федерацияларының президенттері мен өкілдері қатысты.

Жиында ұлттық спорт қауымдастығының президенті қызметін атқарған Исламбек Салжанов соңғы екі жылдағы атқарылған жұмысы жайында кеңінен есеп беріп, қорытындылады. Қауымдастық құрылтайшылары дауыс беру арқылы жаңа жарғы қабылдап, нәтижесінде Еркебұлан Сайдоллаұлы Ильясов бірауыздан Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті болып сайланды.

Жаңадан сайланған президент Еркебұлан Сайдоллаұлы сенім білдірген барша ҚР Туризм және спорт министрлігіне, қауымдастық қатарына кіретін ұлттық спорт өкілдеріне алғыс айтып, 2025 жылға қойылған жоспарымен бөлісті.

Отырыс барысында Серік Жарасбаев Исламбек Төлеубайұлына ұлттық спорттың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, жаңа президент Еркебұлан Сайдоллаұлына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, ол барлық федерациялардың ынтымақтастығын нығайтып, ұлттық спорт түрлерін әлемдік деңгейде насихаттау үшін бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.
Еркебұлан Сайдуллаұлы Ильясов  – “Alageum Electric” КТ Директорлар кеңесінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы жамбы ату, арқан тартыс федерацияларының президенті және «Ұлттық спорт қоры» ұлттық спорт түрлерін қолдау қорының негізін қалаушы, құрылтайшысы.

Фото: Спорт комитеті

Байланысты жаналықтар

Көшпенділер ойындары: Қазақстан қоржынында 32 алтын жүлде бар

12.09.2024

Ұлттық құрама аударыспақтан 5 алтын медаль жеңіп алды

10.09.2024

Көшпенділер ойындары: Ұлттық құраманың еншісінде 25 медаль бар

09.09.2024

V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары: Қазақстан аударыспақтан алтын алды

09.09.2024

«Бірлік керуені» көшпенділер ойынына Алтайдағы ең үлкен сарқыраманың суын апара жатыр

04.09.2024

Қазақстандық көкпаршылар көкбөрі ойынына дайындалып жатыр

15.08.2024
MalimBlocks
Көшпенділер ойындары: Қазақстан қоржынында 32 алтын жүлде бар

Ұлттық құрама аударыспақтан 5 алтын медаль жеңіп алды

Көшпенділер ойындары: Ұлттық құраманың еншісінде 25 медаль бар

V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары: Қазақстан аударыспақтан алтын алды

Бұл туралы Ұлттық және ат спорт түрлері орталығы баспасөз қызметі хабарлады

«Бірлік керуені» көшпенділер ойынына Алтайдағы ең үлкен сарқыраманың суын апара жатыр

Су – Дүниежүзілік көшпендер ойындарының басты символы

Қазақстандық көкпаршылар көкбөрі ойынына дайындалып жатыр

Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында көкпаршылар оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.