Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық атағынан айырылуы мүмкін

Орта салмақтағы америкалық боксшы Джахай Такер (14-1-1, 6 КО) өз салмағындағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен (17-0, 12 КО) Қазақстанда жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты, деп хабарлайды Malim.kz 1bol.kz сайтына сілтеме жасап.
Мен Жәнібекпен 24-25 жасқа толмай тұрып жұдырықтасқым келеді. Мен оның еліне барып, белбеулерін тартып алып, үйіме қайтамын, — деді 22 жастағы Такер Tha Boxing Voice басылымына берген сұхбатында.
Джахай Такер соңғы жекпе-жегін 5 сәуір күні Лас-Вегаста өткізіп, онда төрешілердің ортақ шешімімен британиялық Трой Уильямсонды (20-4-1, 14 КО) жеңді. Ал Жәнібек Әлімханұлы дәл сол күні Астанада рингке шығып, француз Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 КО) бесінші раундта нокаутқа түсіріп, IBF және WBO тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерін қорғады.
Әлімханұлы қазіргі таңда доминикалық Карлос Адаместі құрығына түсіре алмай жүр. Ол осы салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы.
Фото: Top Rank